Өзгеге өмір сыйлай білейік...

Дүйсенбі, 19 Маусым 2017 09:46

Дүниежүзілік донор күні қан донорларының маңыздылығын ұмытпас үшін ұйымдастырылды. Денсаулық сақтаудың Бүкіләлемдік ұйымының, Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай Халықаралық ұйымдарының, Қан донорлары Халықаралық федерациясы мен Қан құю Халықаралық ұйымының бастамасымен Қан донорының бүкіләлемдік күні 2004-жылдан бері аталып келеді. Бұл күн әлемнің 192 елінде аталады. Адам өмірін сақтап қалу үшін әлемде жыл сайын 35 мың литр қан өткізіледі екен.

Донорство крови shutterstock 69941578
Өз қанын тапсыру – біреуге өмір сыйлауды білдіреді. Мұны әрқайсымыз білуге және есте сақтауға міндеттіміз. Қанды және оның өнімдерін құю жыл сайын миллиондаған адамдардың өмірін құтқаруына әсер етеді. Қан құю арқасында өмір үшін қауіп тудыратын күйлерден зардап шегетін емделушілердің өмірін ұзартуға және сапалы жасауға болады, сондай-ақ, күрделі медициналық және хирургиялық процедураларды қолдауға болады. Қанды және оның өнімдерін құю ананың және баланың денсаулығын қорғау үшін және антропогенді мен табиғи апаттар кезінде қажетті болып табылады.
Әрбір дені сау адам 18 жастан бастап донор бола алады. Донорлыққа тіркелу кезінде жеке куәлік міндетті түрде болуы керек. Қан тапсыратын күні дұрыс тамақтаныңыз, мәселен, жеңіл таңғы ас (тәтті шай, нан, көкөніс, жемістер)...
Қызыл жiлiк майының торшалары және иммунитеттiң стимуляциясының жақсы болуына донорлықтың пайдасы, әсері көп. Өліп жатқан эритроциттердiң утилизациясына қатысатын кейбiр органдардың жұмысының жеңілдеуі байқалады. Мысалы: көк бауыр, бауыр.
Қан жасау процесінің жақсаруында, жүрек-қолқасының ауруларының профилактикасында, асқазан асты без, бауыр, атеросклероз, ас қорытудың бұзылысында пайдасы зор.
Донорларға мына әрекеттерді жасау ұсынылмайды:
Қан тапсыру алдындағы кеш қарсаңында сүт өнiмі, ысталған, ащы, қуырылған, майлы, тағам жемеу, процедураға дейiн (48 сағат) алкоголь қабылдамау, процедураға дейiн (72 сағат) құрамында анальгетиктері бар аспирин, анальгин секілді тағы басқа препараттарды қабылдамау, процедураға бір сағаттан кем уақыт бұрын шылым тарту.
Қан өткiзуi организмға кейбiр ауыртпашылықтар келтіреді. Сондықтан, донорларды қолдау үшін ресми шаралар жүргiзiледi: ақы төленетiн демалыс және тағы басқа қажеттіліктер өтеледі.
Донор болу үшiн алдын ала қан талдауларды өткiзу, дәрiгерлiк тексеруден өту керек. Денеге күш түсірмеу, көбiрек тамақтану ұсынылады. Донорға қысымның қалпына келуі үшiн келесi өнiмдер ұсынылады: шоколад, кофе, гематоген. Осы дүниежүзілік донор күніне орай елімізде түрлі іс-шаралар мен акцияларды өткізу жыл сайын дәстүрлі іс-шараға айналды және қоғам тарапынан барынша назар аударуда. Айта кету керек, жыл сайын қан қызметі 200 мыңдай литр қан дайындап, 300 мыңға тарта донация жасалады. Орташа алғанда бір жылда 220 мыңдай адам донор болады. Кезінде Дүниежүзілік қан доноры күні қарсаңында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова өз блогында барлық ерікті қан донорларына алғысын білдірген еді. «Адам өміріне араша түсетін адамгершіліктері мен мейірімділіктері, өмірге сенім сыйлайтындары үшін донорларға алғыс айтамын. КСРО және Қазақ КСР-нің құрметті доноры - Александр Скаковскийді ерекше атап өткім келеді», – деген-ді. Александр Николаевич еңбегі үшін «Шапағат» медалімен және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды. 2003 жылы ол Қазақстанның рекордтар кітабына еніп, қан донациясы саны бойынша әлемде екінші орынды иеленді.
Елімізде ерікті – өтеусіз донорлықты насихаттаудың негізгі қозғаушы күші болып есептеледі. Осы күн – өз қандарын ұсыну жолымен күн сайын адамдардың өмірін сақтайтын қан донорларына ризашылықты білдіру. Бүкіл әлемдегі «Өтеусіз тапсырыңыз, жиі тапсырыңыз! Қан донорлылығы өте маңызды» ұраны аясында барлығыңызды қанды ерікті және жүйелі түрде тапсыруға шақырамыз.

Гүлнұр Сманова,
аудандық орталық аурухананың
трансфузиолог дәрігері.

Бас дәрігердің ғибратты жолы

Дүйсенбі, 19 Маусым 2017 09:44

Бас дәрігер4Айгүл Ақынғазиева
Аудандық емхананың бас дәрігері

Үнемі мүгедектер мен науқастарға жанашырлық танытатын, бойынан мейірімділікпен бірге кішіпейілділік төгіліп тұратын аудандық емхананың бас дәрігері Айгүл Ақынғазиева туралы ел арасында жақсы пікір қалыптасқан. Оның айрықша жақсылығын көріп, алғысын жаудырып, разылық айтушы адамдар да баршылық.
Қарабау ауыл округіндегі Сынтас елді мекенінің тұрғыны Зағипа Артықбаева да бізбен әңгімесінде Айгүлге деген разылығын, одан көрген қамқорлығын баяндап берді. Оның екі тізесі сырқырап ауырып, соңында жүре алмай қалған көрінеді. Содан бұрын емханада жұмыс істеген, қазіргі зейнеткер, аудан орталығындағы әпкесі Айсұлуға жылап отырып: «Жағдайым нашар, енді не істеймін?» – деп кеңес сұрайды. Айсұлу сіңлісінің жағдайын дереу Айгүлге жеткізеді. Соңынан: «Бүгін жексенбі ғой, қалай болар екен?» – деп сұрайды. «Дәрігер үшін адам денсаулығы маңызды. Біз жексенбіге, демалысқа қарамаймыз», – деп Айгүлдің өзі зыр жүгіріп, Бақыт Мамытбеков, Жазира Атамбекова тәрізді дәрігерлерді шақырып, Зағипаны көрсетіп, жақсылап тексеріп, бірден ауруханаға жатқызған екен. З.Артықбаева: «Айгүлдің кішіпейілдігіне тәнтімін. Менің асты-үстіме түсіп, демалысқа қарамай, бар жағдайымды жасады. Содан аурудан айығып, жақсы болып кеттім. Оған деген алғысым шексіз», – деді.
Айта берсек, мұндай мысал көп. Жұмыстың қауырттығы ма, елге ештеңені міндетсінбей-ақ адалынан еңбек сіңіріп жүрген осы сүйкімді кейіпкеріміз туралы жазуға қанша оқталсақ та сәті түспей жүр еді. Медицина қызметкерлері мерекесіне орай, жаратылысы бөлекше, осындай биікке көтерілген Айгүл Күзенбайқызы туралы жазғанды жөн көрдік. Йә, жақсының жақсылығын неге айтпасқа?!
А.Ақынғазиева 1969-жылы 8-қарашада осы күнгі Қазығұрт ауданындағы қазіргі Қызылқия ауыл округіне қарасты Ынталы елді мекенінде дүниеге келген. «Комсомол» (Қызылқия) жалпы орта мектебін үздік бітірген.
Мектепте жүрген кезде Айгүлдің алғашқы арманы – әділ сот болу еді. Оған негізінде анасы Ұлбосын Орынбайқызы ықпал жасаған. Ұлбосын – 7 қыз, 3 ұлды жарық дүниеге әкелген батыр ана болатын. Ол өзінің 10 перзентінің арасынан Айгүлге үлкен үміт артатын. Ұлбосын анаға қызы Айгүлдің алғырлығы, шыншылдығы, әділдігі өте ұнайтын. Ол туралы үнемі: «Өзгелері бір төбе, Айгүл қызым бір төбе. Осы қызым ерекше. Не болса да, өтің жарылып кетсе де, кесіп айтатын шыншыл, алғыр, әділ. Білімі де үздік», – деп жоғары бағалап, қолдап отыратын.
Үлкен үміт күту, сенім арту – адамға құлшыныс, талпыныс сыйлайды. Ұлбосын анасының өзіне сеніммен қарауы, жоғары бағалауы Айгүлді құлшындырып, алға жетеледі. Ол өз-өзіне: «Мені жарқын болашақ күтіп тұр, анамның сенімін ақтауым керек. Үкілі үміт жетегінде жалықпай, алға ұмтылып, жоғары дәрежеге жетіп, ата-анамның мақтанышы болуым қажет», – деген ой-ниетке, арман-мақсатқа берілді.
Алайда 1987-жылы әкесі Күзенбай Райымбердіұлының қан қысымы ауруы бұрынғыдан да жоғарылап, инсульт алады. Айгүл үшін аспан айналып жерге түскендей болып, лезде арман айдынында кемесінің желкенін басқа жаққа бұрып, ендігі жерде дәрігер болуды ойлайды. Әкесінің қиналғанын көріп, оған сүйеніш болсам, қолдау көрсетсем, ол үшін қазіргі медицина табыстарын игерсем деген ниет жетегіне ереді. Айгүлдің дүниеге келген шағын ғана Ынталы ауылында ол кезде дәрігер деген атымен жоқ болатын. «Егерде дәрігер болсам, әкеме, ауылыма, туыстарыма, халқыма, еліме көбірек пайдам тиеді екен. Сонда науқастарды емдеп, жазатын боламын. Оларға сауап іс жасап, жүрекжарды рахметін, алғысын аламын. Маған одан артық не керек?» деген арман жетелеп, оны Қарағандыға алып барды.
Қарағанды мемлекеттік медицина инс-титутына оқуға түскен кезінен әкесіне қамқорлық жасап, 2002-жылы қайтыс болғанға дейін оған үзбей қарап, 15 жыл бойы үзіліссіз емдеді.
Айгүл 1993-жылдың шілде айында өмірлік жары Асқарға тұрмысқа шықты. Сол жылдың 17-тамызынан Қызылқия дәрігерлік амбулаториясында дәрігер-терапевті болып алғашқы еңбек жолын бастады. Бұл арада Махмұт Қарсыбаев бас дәрігер еді. Ол Айгүлге жас маман ретінде қолдау көрсетті.
1995-жылдың 25-қаңтарынан Қызылқия учаскелік емханасының бас дәрігері лауазымына көтерілді. М.Қарсыбаев аудан орталығына қызметке ауысатын болып, орнына Айгүл Ақынғазиеваны қалдыруға ұсынғанда, аудандық медицина бірлестігінің бас дәрігері Әбдіжүсіп Мақсұтов: «Жап-жас маман екенсің. Учаскелік емхана болса да, оның да өзіндік жауапкершілігі бар. Онда бас дәрігер қызметін атқара аласың ба?» – деп сұрағанда, ол өз-өзіне сеніммен қарап, аяғын нық тіреп: «Йә», – деп жауап берген-ді. Айгүлге сол Қызылқиядағы балалар дәрігері Анар Исахова мен әйелдер дәрігері Ұлданай Сейілханова және басқа да әріптестері көмектесіп, қолдау көрсетіп отырды. Сөйтіп, бас дәрігерлік лауазымын абыроймен атқарды.
1998-жылдың 5-наурызынан Қазығұрттағы Орталық емхана меңгерушісі болып ауысып келді. Кәрібай Досанбаев, Әбдіғани Қилыбаев, Салдарбек Сарымсақов, Гүлжан Жұмағұлова, Светлана Атымтаева секілді тәжірибелі дәрігерлердің ортасына түсті. Бас мейірбике Айтолқын Әбдіхалықовамен қоян-қолтық жұмыс істеді.
1998-жылдың 6-мамырынан «Қазығұрт аудандық медицина бірлестігі» мемлекеттік мекемесі бас дәрігерінің орынбасары болды. Сол кезде бас дәрігер Рахмат Мүсіралиев еді. Алдында тек бір ғана ұжыммен жұмыс жасаса, ендігі жерде оған бүкіл аудан бойынша жүк артылды. Жұмысты алға жылжытуың, бүкіл аудан бойынша барлығын үйлестіруің, өзгелерге жол көрсетуің керек. Нағыз үлкен жауапкершілік енді шындап сезілді. Бұл – Айгүл үшін үлкен тәжірибе болды.
А.Ақынғазиева әрі қарай сатылап өсіп отырды. 2010-жылдың 1-қарашасынан «Қазығұрт аудандық емханасы» МКҚК-ның бас дәрігерінің емдеу профилактикалық жұмыстары жөніндегі орынбасары болды. Арада төрт жыл өткен соң, 2014-жылдың 4-сәуірінен «Қазығұрт аудандық емханасы» МКҚК-ның бас дәрігері болып тағайындалды. Ол: «Науқас адамға дәрі егіп, емдегеніңнен гөрі жүрекке жылылық сыйлағаның, ынта-ықылас танытқаның, мейірімді сөзің, қайырымдылығың тез әсер етеді, шипа береді. Бір кабинетте дәрігер болып отырып, ауруды қабылдаған бір басқа, аудан бойынша жауапкершілік жүгін көтерген тіпті басқа. Өзімнің өткен жолыма көз тастасам, өзгерістер көп, үлкен ілгерілеушілік бар. Қазіргі уақытта халық та бұрынғыдай емес, қалың көпшіліктің сауаттылығы артқан. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға олардың өздері ұмтылып жатыр. Бір қуантарлығы, соңғы уақытта халықтың өз денсаулығын жақсартуға деген ынта-ықыласы күшейгені байқалады», – деді.
Аудандық емхананың бас дәрігері Айгүл Күзенбайқызы Ақынғазиеваның өткен жолына сын көзбен қарасаң, тағылымды да ғибратты жолын аңғарасың. Әсіресе, кейінгі жастарға үлгі болар өнегелік қасиет бар.
Йә, әрбір адамнан жақсылықтың, ізгіліктің бір үлгісін үйренуге болады. Айгүл Күзенбайқызынан да үйренетін нәрселер көп екенін аңғарғандай болдық.

Құралбек ЕРГӨБЕКОВ.

Ауданымызда ағымдағы жылы жеміс-жидек ағаштарымен айналысатын шаруалар, үлпілдек қоңыз түрінен зиян шеге бастады. Сондықтан шаруалар қауымына аталған қоңыз түрін таныстырып, олармен күрес жолдарын ұсынып отырмыз.

55 

Үлпілдек қоңыз гүлді, өсімдіктердің жас жапырақтарын, талдарды, өсімдіктің тамырларын, әсіресе картоп, сәбіз дақылдарының тамырларына және жеміс ағаштарына, дақылдарына, әсіресе гүлдеу кезеңінде зияны зор. Даму кезеңі толық түрленіп дамиды. Қыста жас қоңыз қабыршақтар арасында жатады. Қоңыз ұрпақтары бір жылда бір уақытта жарып шығады.
«Оленка мохнатая» зиянкестерінің отаны Азия болып табылады. Климаттық жағдайдың өзгеруіне байланысты1997-2005 жылдар аралығында Ресейдің оңтүстік облыстарын, Украина және Қазақстан елдеріне таралған.
Қысқы мерзімде топырақта 40 см тереңдікте өсімдік қалдықтарымен, гумуспен қоректену арқылы қыстайды. Наурыз айынан бастап күн жылынуы 15 С кезде жер бетіне шығып, бақ-бақ гүлмен қоректенеді. Ары қарай, қызғалдақ, нарцис, пион гүлдерімен қоректенеді. Алма, алмұрт, өрік, шие және құлпынай гүлдеген кезде оларға ұшып келіп, 2-3 күн ішінде гүлдің 90-95% жеу арқылы жеміс ағаштарының өнімділігін төмендетеді. Жаппай ұшуы тамыз айының ортасына дейін. Маусым айының алғашқы онкүндігінен тамыз айының ортасына дейін баудан 200 м қашықтықтан алыс емес топыраққа жұмыртқасын қалдырады. Нәсілдері тамыз-қыркүйек айларында топырақта өсімдік қалдықтарымен қоректеніп, қуыршақтанады. 14-20 күн өткен соң жас қоңызға айналып, топыраққа кіру арқылы қыстауға кететіндігін ескеру керек.
Морфологиясы.
Ұзындығы 8-13 мм, ені 6-8 мм. Денесі шаштармен (түкше) қапталған және қанаттарында ақ дақтары болады. Денесі кең жайылған төбесі үлпілдек, тұмсығында ұзын шығып тұрған сұр екі мұртшалары бар. Алдыңғы жақтағы үсті анда-санда сарылау болады. Денесінің жан-жағында үлпілдектері бар сол себепті бұны үлпілдек қоңыз деп атаған. Иіс сезгіштері ұзындау, алдыңғысы шеткі иіс сезгіштері аздап жиырылады және аздап домалақ болып келеді.
Жұмыртқасы-түсі ақ жылтыр ұзындау шамасында 5 мм болады.
Күресу шаралары.
Агротехникалық шараларды жүргізу, яғни күзгі мерзімде қыстауға топыраққа кіріп қыстайтындықтан топырақты терең қопсыту. Жер үстін тырмалап, арамшөптерден тазарту. Қоңыздарды қолмен теру. Ағаш астына брезент немесе мата төсеп, талға жабысқан қоңыздарды сілкілеп түсіруге болады.
Тиімділігі жоғары инсектицидтермен ағаштарды өңдеу, яғни арнайы химиялық (химикаттарды) дәрілерді шашу арқылы күрес шараларын жүргіземіз. Қазіргі күні «Калипсо» инсектицидін қолдану жақсы нәтиже көрсетіп жүр.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей аталған зиянкес көк түс қызықтыратындығы анықталған. Бау ішіне көк түсті ыдыстарға су құйып, ыдыстағы суларға түскен қоңыздыр тұншығып өліп қалатындықтан іс жүзінде қолдануға болады.

Марат ЖОЛДАСОВ,
аудандық ауыл шаруашылығы және
жер қатынастары бөлімінің бас маманы.
Құламәлі АЛИМБАЕВ,
аудандық аумақтық
инспекциясының бас маман-тұқым шаруашылығы
жөніндегі мемлекеттік инспекторы.

Гипертония деген не?

Дүйсенбі, 15 Мамыр 2017 10:30

Гипертония деген не?

МАҚТАУҒА ЛАЙЫҚ МЕЙІРБИКЕЛЕР

Дүйсенбі, 15 Мамыр 2017 09:26

Жыл сайын мамыр айының 12-сі күні халықаралық мейірбикелер күні атап өтіледі. Бұл күні ақ халатты, абзал жанды мейірбикелерге құрмет көрсетіп, олардың еселі еңбектерін бағалап, алғыс білдіріп, марапаттап жатады.

МЕЙІРІМІМЕН ШИПА ДАРЫТҚАНДАР

Дүйсенбі, 15 Мамыр 2017 09:25

Негізінде «Мейірбике ісі» мамандығын алған әріптестеріміз емханалар мен ауруханаларда, мектептерде, балабақшаларда, спорт кешендері мен демалыс орындарында аса қажетті сұранысқа ие. Мейірбике – білімі мен шеберлігі шыңдалған,жоғары дәрежеде мейірімділік көрсете білетін, науқас жанға күтім жасауда өзінің кәсіби психологиялық және рухани қасиеттерін дамыта білген белсенді тұлға.
Мейірбике бүкіл дәрігерлік тағайындауларды орындап, стационарларда аса маңызды қызмет атқарады. Дәрігердің сенімді серігі және көмекшісі болып, ауырған әрбір науқасты тек дәрісімен ғана емес, нұрлы жүзді ықыласымен, жылы да мейірімді сөзімен емдейді.

ХАЛЫҚҚА ҚАЛТҚЫСЫЗ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

Дүйсенбі, 15 Мамыр 2017 09:11

Алғаш 1974-жылы Дүниежүзілік Мейірбикелер Кеңесінің ұйғарымымен Халықаралық мейірбикелер күні белгіленіп, содан бастау алған. Бүгінде осы күнді ресми мереке ретінде атап өту дәстүрге айналған. Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан кейін біздің елімізде де 12-мамыр – Халықаралық мейірбикелер күні болып ресми түрде тіркелген.

IMG 0861
Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының бұрынғы бас дәрігері Жайлаухан Қарабеков 2011-жылы аурудың алдын алу, диагностика жасау, емдеу мен сауықтыру мақсатында қолданылатын медициналық техникаларды, аппараттың барлығын топтап, функционалды диагностика бөлімі етіп жеке құрып шығарған. Содан бастап аурухана мейірбикелері мен медбраттары қызмет ететін бұл бөлімге Гүлзифа Қанаева аға мейірбике болған.
Бөлімде қазір жүрек қағысын тексеру құрылғысы – ЭКГ аппаратында мейірбике Бекзада Керімбаева, асқазан қызметін тексеру құрылғысы – ЭФГДС аппаратында мейірбике Гүлжауһар Мырзашева, уқалау-сылау (массаж) бөлмесінде мейірбикелер Гүлчеһра Мәуленова мен Жұлдыз Әбдиева, физиотерапия (ауруды жылылықпен, жарықпен, электр қуатымен, сумен емдейтін) бөлмесінде мейірбике Күлән Әбсаматова, ультрадыбыстық зерттеу (ағзаны ультрадыбыстық толқындар көмегімен тексеретін) бөлмесінде мейірбике Фарида Мұратова, рентген бөлмесінде медбраттар Қайыржан Керімқұлов пен Нұржан Телікбаев, дене шынықтыру бөлмесінде мейірбике Жұлдыз Әбдиева қалтқысыз қызмет етіп келеді.
Физиотерапия бөлмесінде құлақ пен тамақты емдейтін УФО аппараты, суықтаған ауруға қоятын парафин, жетілмей қалған аяқ пен белге қоятын электрофарез, неврологиялық ауруларға қолданылатын СВЧ аппараты бар. УДЗ – диагноз қоюда, жатырдағы ұрықтың күйін бақылауда кеңінен қолданылатын тексеру әдісінің түрі. Оны құрсақ қуысы, кішкене жамбас мүшелері, сүт бездері, бүйрек, қалқанша бездері мүшелері патологиясы диагностикасы, жүктілік кезіндегі мониторингі мен диагнос-тикасын, іштегі нәресте мен қағанақ күйін анықтау үшін пайдаланады. Дене шынықтыру бөлмесінде жүгіргіш (бегунок), электромассаж, велосипед, гір тастары бар.
– Науқастарға психологиялық тұрғыдан демеушілік көрсетіп, мейірімділік танытып жүрген ақ халатты абзал жандардың жан-жақтылығы бүгінгі уақыт талабы. Халық денсаулығын жақсарту жолында мейірбикелер еңбегі ұшан-теңіз. Ол – білім мен шеберлігі бар, ісімен жан-жақты, жауапты, мейірімділік көрсете білетін ерекше мамандық иесі. Қазіргі кезде мейірбике ісін дамыту үшін ауқымды шаралар қолға алынуда. Бүгінгі мейірбике тек қана дәрігер бұйрығын орындаушы ғана емес, үнемі ізденісте жүретін шығармашыл тұлға. Мейірбике ісінің негізгі мақсаты – адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау қажеттігін қанағаттандыруға негізделеді. Яғни, ол – емделушінің күтімін ұйымдастырушы, орындаушы, емделушінің ықыласын қорғаушы, медициналық топтың белсенді мүшесі. Ауданымыздың денсаулық сақтау саласында талай жыл тапжылмай тер төгіп, еңбегімен елдің ыстық ықыласына бөленген ардақты мейірбикелеріміз аз емес. Әріптестерімді мерекесімен құттықтап, отбасыларына шаттық пен бақыт тілеймін, – деді аға мейірбике

Гүлзифа.
Құралбек ЖОЛДАСҰЛЫ.

Жерлесіміз үздік атанды

Дүйсенбі, 15 Мамыр 2017 09:09

«12-мамыр халықаралық мейірбике күнін» атап өту, облыстағы орта медициналық білімі бар қызметкерлердің беделін көтеру және ақпараттық қызметі бойынша ең үздік мамандарды анықтау мақсатында Шымкент медицина колледжінде «Ең үздік мейірбике» «Ең үздік акушер», «Ең үздік фельдшер» номинациялары бойынша конкурсқа Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы терапия бөлімінің аға медбикесі Н. Болтаева қатысып, «Ең үздік мейірбике» номинациясы бойынша жүлделі 2-орынды алып қайтты.
Қазығұрт-ақпарат.

Олардан асқан ізгі жан жоқ

Дүйсенбі, 15 Мамыр 2017 09:06

Мейірбикелердің кәсіби мерекесінің тарихына жүгінсек, Англия елінің азаматшасы, мейірбике Флоренс Найтингейл ойымызға оралады. Оның ізгі, қайырымды көмектері осы аяулы жанның есімін мәңгілікке ардақтап қалдырып кетті. Адам өміріне араша болу мәнін қоғам сол күннен бастап үйренген.

Жүрек-қан тамыры ауруларының пайда болуына әкеліп соқтыратын негізгі фактор ол - темекі шегу, адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлмеуінен десек, сонымен қатар, жағымсыз экологияның да салдары жетерлік. Орта есеппен алғанда, темекі шегу адам өмірін 7-10 жылға қысқартады екен. Темекі шекпейтіндерге қарағанда, темекі шегетін адамдар миокард инфарктісіне шалдығуы екі есе көп, ал, осы аурудан қайтыс болатындар саны темекі шегетіндер арасында шекпейтіндермен салыстырғанда, 4 есеге артық. Бүгінгі таңда жүрек-қан тамыры ауруларының алдын- алу үшін мынадай маңызды нәрселерді есте сақтау керек:

388q-300x297
• Ең алдымен темекіден толықтай бас тарту қажет;
• Тиімді тамақтану ережелерін сақтау;
• Майлы тамақтардан бас тарту, тұзды пайдалану мөлшерін азайту - тәулігіне 4 грамм, құрамында калийі мол (бұршақ, өрік, құрма, теңіз қырыққабаты) тамақтарды көп пайдалану, сарыуызды барынша аз пайдалану;
• Көкөніс пен жеміс-жидектерді барынша мол пайдалану;
• Алкогольді ішімдікті белгіленген мөлшерде ғана пайдалану;
• Дене белсенділігін арттыру, семіздіктен сақтану;
• Қандағы холестерин құрамын үнемі тексеріп, бақылап отыру;
ендеше, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздегеніңіз абзал!

Н. БОЛТАЕВА,
аудандық аурухананың терапия
бөлімінің аға мейірбикесі.