Жүктілік кезінде әйел бойын қорқыныш билейді. Құрсағындағы жүрегі соққан болашақ бөбегінің дүниеге келу сәтін асыға күтеді. Көктем кезінде жүкті болған әйелдер денсаулығына, тамағының нәрлілігі мен ұйқысының қанық болуына көп көңіл бөлуі керек. Күз мезгілі жүктіліктің ең қолайлы кезеңі десек те болады, адам ағзасында жазда дәрумен қоры жиналып, жүктілікке байланысты өзгерістерге үйренісу көбінесе суық айларда жеңілірек болады. Жалпы жүктілік соңғы етеккір келген күннен бастап орташа есеппен 280 күн, яғни 40 аптаға созылады.

2015-жылдың 16-қарашасында ҚР Президенті «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңына қол қойды. Бұл заң халықаралық озық тәжірибені ескере отырып, Қазақстанда мемлекет, жұмыс беруші мен әрбір адамның ортақ жауапкершілігіне негізделген медициналық сақтандыру жүйесін ендіруді көздейді, азаматтардың денсаулығын сақтауға конституциялық құқықтарын іске асыру мақсатында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Құтыру қалай жұғады?

Жұма, 31 Наурыз 2017 09:20

Құтыру – құтырған жануарлар тістегенде немесе сілекейі арқылы жұғатын аса қауіпті жұқпалы вирусты ауру. Ондайда жүйке жүйесі зақымдалып, соңы өліммен аяқталуы мүмкін. Құтыру жануарлар мен адамдардың тығыз байланысты болған кезінде ауру жануарлардың сілекейі арқылы жұғады (тістегенде, тырнағанда, дененің жарылған жеріне түссе).

Таяуда Қазығұрт кентіндегі «Әсем» сауда үйінің екінші қабатында орналасқан 13-ші бөлмеде тұрғындарға қызмет көрсету мақсатындағы «Шығыс медицинасы» денсаулық орталығы» деген мекеме ашылды. Онда азаматтарды Мұхамеджан Құралов есімді әкімші, Зәмзәгүл Телікбаева сынды дәрігер және орталықтың меңгерушісі Әтіргүл Қожамұратова қабылдайды.

Адам бақытының бастауы – денсаулықта. Халқымыздың денсаулығы – үлкен зор байлық екені рас. Денсаулық – адамға бір-ақ рет берілетін табиғат тартуы. Ол мәңгілік болып берілмейді, тұрақты да емес, үзбей өзгерісте болады. Оған нақты білім, ынта-ықылас, ерік-жігер қажет, онсыз баянды, мықты денсаулықты сақтау қиын.

wvl0tx0cdla

Індеттің алдын алыңыз!

Жұма, 31 Наурыз 2017 09:18

24-ақпан мен 24-наурыз аралығы – әлем бойынша туберкулезбен күрес айлығы өтті. Шараға Қазақстан да белсенді түрде қатысты.

КЕНЕДЕН САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!

Жұма, 31 Наурыз 2017 09:17

Конго-қырым қанды қызбасы – вирустік трансмиссивті, табиғи ошақты жұқпалы ауру. Вирусты қосымша сақтайтын және тасымалдайтындар – жабайы жануарлар, ауылшаруашылығы және үй жануарлары. КҚҚҚ трансмиссивтік (кене арқылы), қатынастық жануарлармен және адам арқылы ( қан арқылы) жұғады. Кене энцефалиті – адамның орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен сипатталатын вирустық ауру. Кене энцефалитінің қоздырғышы – вирус. Вирус кененің сілекейінде болғандықтан, шаққан кезде жұғуы мүмкін. Тіпті, шаққаннан кейін кене алып тасталған жағдайда да кене энцефалитімен ауырудың қауіп-қатері өте жоғары. Вирус барлық кенеде болмайды. Кене энцефалитін тек кене шаққанда емес, сонымен қатар, піспеген ешкі немесе қой сүтінен де жұғуы мүмкін.

66-660x330

Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүгедек балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға психологиялық көмек көрсету және кеңес беру мақсатында «Онлайн-қолдау» қызметі жұмыс істеп жатқандығын хабарлайды.

24-ақпан мен 24-наурыз аралығы – Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес айлығы. Айлықтың аясында біздің елімізде де көптеген шаралар ұйымдастырылады.

Бала дамуында ойынның рөлі

Жұма, 03 Наурыз 2017 09:55

Келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлға етіп қалыптастыруға болады. Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі.