Дәрігерге ризамын

Жұма, 17 Ақпан 2017 09:37

Жақында немерелерім бірінен кейін бірі әбігерге түсірді. Олардың беттеріне кішкене сүйел шыға берді. Тері-венерология дәрігеріне көрсеттім, тіпті емшіге де апардым. Немерелерімнің сүйелі кетпеді.

ШАҢЫРАҚТАР ШАЙҚАЛМАСЫН

Жұма, 17 Ақпан 2017 09:36

Бүгінгі қоғамда бір-бірінің қадіріне жете алмай, сыйластығы мен өзара құрметі солғындап, қиын-қыстау күн кешіп жүрген ерлі-зайыптылар аз емес. Тіпті, жаңа құрылған отбасылардың үштен бірі жанұяларына бір жыл толмай жатып ажырасып жатқаны жайлы дерек бар. Біздіңше мұның себептері көп. Мінез-құлық, материалдық жағдай, жұмыс, карьера, баспана, перзент сүйе алмау, маскүнемдік, құмарпаздық, өзара сенімсіздік, ата-ене, қайын-жұрттың әсері, санай берсек, тауысу қиын. Бірақ, негізгі себебі Ислами құндылықтарға, ұлттық негізге мән бермеу, Батыс мәдениетіне еліктеу болса керек. Сондықтан, жанұяның шаттығын шайқап, отбасының ажырасуына себеп болып жатқан жағдайлардың бірқатарына тоқталайық.

«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаған. Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім-жітім деңгейі арта түсуде. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдікке әуестену, есірткі құмарлық кеңінен етек алуда.

Психологтар бас қосты

Жұма, 20 Қаңтар 2017 10:31

Ж. Есіркепов атындағы жалпы орта мектебінде балалардың бойындағы күйзелістің алдын алу мақсатында педагог-психологтардың «Жанның емшісі – психолог» атты аудандық семинар өтті. Семинарға Қазығұрт аудандық білім бөлімінің бас маманы Сәуле Бөрібай қатысты.

Энтеровирусты инфекция – жедел вирусты жұқпалы аурулардың бірі, клиникалық белгілері әр түрлі және өте көп. Солардың ішінде жиі кездесетіндері: дене қызуының көтерілуі, жалпы улану белгілері, бұлшық ет және жүйке жүйесінің зақымдалуы.

I. Сізге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы нені білу қажет:
Медициналық сақтандыру көптеген елдерде халық үшін, сонымен бірге жұмыс берушілер үшін денсаулық сақтау жүйесінің тиімді модельдерінің бірі ретінде танылған.
Ол азаматтарға медициналық көмекті кеңінен алуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта 16 европалық мемлекетте, сонымен бірге Түркия мен Жапонияда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘлМС) жүйесі қолданылуда. Дәл осы елдердің медицинасы қазіргі уақытта жоғарғы деңгейде және адамдардың өмір сүру ұзақтығы да жоғары - 80-85 жасқа дейін.
МӘлМС-тің тиімділігі денсаулықты сақтау үшін мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың өзі де жауапты болатынына негізделеді.

Зорлық-зомбылық – өзгенің психикасына қасақана әсер ету, қорқыту, бопсалау немесе денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын қорлау. Зорлық-зомбылық үлкендердің арасында жиі кездеседі.

Emhana1

Тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулық сақтау дағдыларын қалыптастыру, ана мен бала денсаулығын қорғау мақсатында «Денсаулық» акциясы өткізілді.

Emhana

ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 19-тарауында АИТВ (ВИЧ) инфекциясын жұқтырғандарға және ЖИТС (СПИД) пен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, инфекцияның алдын алу үшін ЖИТС (СПИД) диагнозы бар адамдар антиретровирустық ем қолдануы тиіс. Себебі, олардың иммундық жүйесінің әлсіз болуынан тез өлімге алып барады.

ТҰМАУ МЕН СУЫҚ ТИЮДІҢ АЛДЫН АЛУ

Жұма, 30 Желтоқсан 2016 09:42

Қыс мезгілінде тұмауратқан кісілердің көбейіп кететіні белгілі. Оның алдын алып, сақтана білген жөн. Тұмау – бұл жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) тобына кіретін вирус арқылы туатын жіті ауру. Қазақстанда жыл сайын эпидемиологиялық кезеңде ЖРВИ-мен және тұмаумен 800 мыңнан 1 миллионға дейін адам ауырады. Тұмауратқан адамдардың саны артқан сайын, тұмаудың асқынуы да өршиді, бұл – заңдылық. Тұмау вирусы барлық елдерде және құрлықтарда таралған. Қысқы айларда сырқаттанушылық адамдардың жұмыс орындарында, мектептерде, балабақшаларда және қоғамдық көлікте тығыз байланыста және өте белсенді болады. Вирустар ауадағы белсенділігін төрт сағатқа дейін сақтайды. Олар төмен температураны «жақсы көреді» – плюс 4°С-ге жуық температура (тұрмыстық тоңазытқыштағы жағдай) оңтайлы болып табылады. Яғни осы температура кезінде вирус ұзақ сақталады. Сілекей мен қақырық тамшыларында болатын тұмау вирусы, осы тамшылар төсек-орында, жұмыс үстелінде және тағы басқа жайларда кепкен соң және оларға сіңгеннен кейін екі аптаға жуық, ал бөлме шаңында бес аптаға дейін белсенділігін жоғалтпайды!

gripa-710x434