Діни экстремизмге қарсы күрестің кейбір қырлары

Жұма, 23 Қараша 2018 00:00 Жарияланды Дін Оқылды 56 рет

00001111

   Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес қазіргі кезде Қазақстан қоғамы үшін маңызды да өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Көпұлтты және көп конфессиялы ел үшін ұлтаралық және конфессияаралық татулықты сақтау ең басты міндет. Өзін зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырған Қазақстан Республикасының Ата Заңы мен дін туралы заңнамаларында экстремизм мен радикализмнің барлық көріністеріне және азаматтардың конституциялық құқықтарына қысым жасауды көздейтін әрекеттерге қарсы тұру толыққанды қарастырылған. Айталық, Конституцияға сәйкес мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес қазіргі кезде Қазақстан қоғамы үшін маңызды да өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Көпұлтты және көпконфессиялы ел үшін ұлтаралық және конфессияаралық татулықты сақтау әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Сол сияқты Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметттік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ, заңдарда көзделген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынған. Осылайша, елімізде экстремистік бағыттағы әрекеттерге қатысты «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы», «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» заңдар, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң қабылданып, олармен күресу жолдарының құқықтық базасының негізі қаланған. Бұл заңнамалардың нормалары бойынша діни саладағы экстремизммен күресудеп атап көрсетті. Елбасы: «Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұр. Жастарымыздың бір бөлігі өмірге осы жат жалған діни көзқарасты көзсіз қабылдайды, өйткені, біздің қоғамның бір бөлігінде шеттен келген жалған діни әсерлерге иммунитет әлсіз» деген болатын.

Діни экстремизм мен терроризм әрекетіне қарсы тұрып, радикалды идеялар мен террорлық әрекеттерге қарсы иммунитет қалыптастырудың ең негізгі құралы профилактикалық іс-шаралар жүргізу екені айқын. Теріс пиғылды діни ағымдардан келетін қауіп-қатерді халық арасында кеңінен түсіндіру тұрақты түрде жүргізілуі тиіс. Өйткені, экстремистік идеялар халықты өзінің ертеден келе жатқан бай рухани құндылықтары мен салт-дәстүрінен бас тартқыза отырып, мәдени, тарихи, рухани санасын жойып жіберуді көздейді. Мұндай идеология кез келген мемлекет секілді Қазақстан қоғамының да ішкі тұрақтылығына елеулі қатер төндіреді.

Қазіргі кездегі ғаламтордың қолжетімділігі мен қолайлылығын осындай теріс пиғылды ағымдар өз пайдасына тиімді қолдануда. Экстремистік топтар мен ұйымдар өз идеяларын таратып, қатарларын көбейтуде ғаламтор кеңістігін кеңінен пайдаланып отыр. Дінге қызығушылық танытып, соған қатысты ақпарат іздеген жастың ғаламтор ресурсына жүгінері сөзсіз. Ол жерден радикалды бағытты ұстанатын шейхтардың бейнежазбаларынан жихадқа шығу, шейіт болу мәселелері жөніндегі уағыздарын тыңдайды. Құран аяттары мен Мұхаммед пайғамбар хадистерін бұрмалап түсіндіруге тырысатын мұндай уағыздар жастар санасына кері әсер ететіні даусыз.

Радикалды топтардың қаупі туралы әсіресе жастарды хабардар ететін бағдарламалардың ғаламтор желісінде көптеп таратылуы.Кейбір сайттар адамды экстремистік әрекеттерге шақыруды насихаттамауы мүмкін. Олар исламға арналған ақпарттық портал ретінде жұмыс жүргізеді. Дегенмен шын мәнінде дәстүрлі діни ұстанымдарға жік салып, дінді іштей бөлшектеуді көздеуі мүмкін. Мысалы, оларда парыздарды орындамағандар кәпірге баланып, дәстүрлі ханафи мәзһабына қайшы ақпарат берілуі ықтимал. Діни сауаты жеткіліксіз ізденуші мұндай сайттардағы дін тақырыбындағы барлық мәліметтер мен деректерді сол қалпында қабылдап, санасына сіңіреді. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарын, соның ішінде ғаламтор желісін ерекше бақылауға алу баса назар аударарлық мәселеге айналып отыр. Өйткені,  ғаламтор, әлеуметтік желі, блогтар – қазіргі кездегі жастардың белcенді келетін салалары. Жастардың қазіргі ұлы «ұстазына» айналып, барлық тақырып бойынша дереккөзге айналып отырған ғаламтор желісі арқылы экстремистік идеологияны насихаттап отырғандарға қарсы жауап ретінде теріс пиғылды ағымдардың әрекеті туралы дер кезінде шынайы мәліметтерді беріп отыру өте маңызды.

Қазіргі кезде елімізде экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жолында көптеген экстремистік ұйымдардың қызметіне соттың шешімімен тыйым салынып, діни мазмұндағы әдебиеттерге, үнпарақтар мен аудио-бейне материалдарға, ғаламтор сайттарына дінтану сараптамасы жүргізіліп, осы бағытта елеулі қызметтер атқарылуда. Бұл көпшіліктің дұрыс негіздегі діни ақпараттармен сусындауына, теріс насихаттың алдын алуға септігін тигізіп отыр.

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрестің келесі бір қыры  радикалды ағымдардың жетегінде кеткендермен кешенді түрде жұмыс жүргізу, оларды қайта иландыру шараларын іске асыру. Бұл бағытта елімізде ішкі тұрақтылықты, діни татулықты нығайту және радикалды ағымдардан зардап шеккендерді оңалту мақсатында біршама істер атқарылуда. Мақсат зардап шеккендерді анықтау, олардың ақиқат жолынан адасуына ықпал еткен себептерді зерттеу, оларға психологиялық, үгіт-насихаттық кеңестер беруге саяды. Ендігі міндет  осы бағыттағы жасалып жатқан игі істердің тұрақты түрде, қарқынмен жүргізілуі. Еліне, жеріне, дәстүріне, дініне жанашыр Қазақстанның әрбір азаматы осы іске өзіндік үлесін қосып жатса, бүтіндігімізді,  тұтастығымызды ешкім бұза алмасы кәміл.

 Ж.Теңлібаева,

ҚР МСМ «Дін мәселелері

жөніндегі ғылыми-зерттеу

және талдау орталығы» РММ

Исламды зерттеу бөлімінің

жетекші ғылыми қызметкері.

(мақала Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының сайтынан алынды)