«Жастарда кереғар ағымдарға қарсы имунитет қалыптастыру керек»

Жұма, 22 Ақпан 2019 00:00 Жарияланды Дін Оқылды 77 рет

Дін

366635

Жат пиғылды кереғар ағымдардың дін атын жамылып, жастардың сана-сезіміне теріс ықпал етіп, адастырып отырғандығы қоғамды алаңдатып-ақ келеді.

Бұл түйткілді мәселе жайлы Елбасымыздың өзі де: «Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе, интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керек. Қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру керек. Бұл іске мемлекеттік емес секторды және діни бірлестіктерді белсенді түрде тарту қажет»,– деген болатын.

Сондықтан да ғасырлар бойы берік қалыптасқан тәлімдік маңызы зор ұлттық салт-дәстүрді, рухани құндылықтарымызды ұлықтау арқылы жастаға кері ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыруымыз керек.

Аудан көлемінде жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында өтіп жатқан кездесулер мен семинарлар және лекцияларда т.б. ауқымды іс-шараларда жастарға теріс діни ағымдардың зияндылығы түсіндіріліп, арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп келеді.

Өйткені, ұрпағымыздың теріс діни сенімдердің арбауына түспей, діни таным-түсінігі толысқан саналы азамат болып өсуі бәрінен де маңызды. Сол себепті, бұл қауіптің алдын-алып, теріс діни ағымдармен күресу – қоғам алдындағы негізі міндет. Ал, бұл міндетті абыроймен атқару өңіріміздің дінтанушы мамандарына жүктеліп отыр.

Елде ең бірінші кезекте теріс діни ағымдармен күресу үшін білімді ұрпақ дайындау керек. Яғни, ақ-қараны ажырата алатын ұрпақ өз пікірінде қалып, өз құқығын қорғай алады. Қазығұрт ауданық ақпараттық насихаттық тобы мүшелері және теолог, дінтанушы мамандарымыз аудан көлемінде барлық білім беру ошақтарында «Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы» деген тақырыпта жастар арасында кездесу өткізілуде. Жыл басынан 4 елдімекендегі 13 жалпы орта мектепте түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл кездесулердің негізгі мақсаты теолог мамандар жастарға кереғар ағымдарға қарсы имунитет қалыптастыру. Айта кету керек, теолог мамандардың мектептердегі оқушылармен тығыз жұмыс жүргізуі өз жемісін беруде.

Б.МӘЛІК,

аудандық «Жастар ресурстық орталығының»

теолог маманы.