Терроризмнің зардаптарын түсіндірді

Сәрсенбі, 20 Наурыз 2019 00:00 Жарияланды Дін Оқылды 545 рет

                    

«Терроризм және оның зардаптары» тақырыбында Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, дінтанушы Сағат Ғалымжан және Жастар ресурстық орталығының теолог маманы Мәлік Болат Қазығұрт аудандық музейінің қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мақсаты, қызметкерлерге терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру, қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын зерделей отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу, бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.

Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, дінтанушы Сағат Ғалымжан бейбітшілік пен татулықты арқау еткен мемлекеттің билігін күйретуге әсер ететін бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша жаһандық мәселе –терроризм екенін, қазіргі уақытта, терроризм мен эктремизмнің таралу қаупі еліміздің қауіпсіздігіне төнетін шынайы қауіпке айналып отырғандығын айтып өтті.

Жастар ресурстық орталығының теолог маманы Мәлік Болат терроризм жайлы баяндама оқыды.

Іс-шара барысында қызметкерлерді қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, терроризм жайлы жазылған оқулықтарды таратып берді.

                                                      

      Е.УСТЕНОВ,

қор сақтаушы.