ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНЕН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Сәрсенбі, 20 Наурыз 2019 00:00 Жарияланды Дін Оқылды 818 рет

 

Бүгінгі таңда Қазақстан аумағына діни радикализм мен экстремизмнің енуі мен тарауы ең күрделі проблемаға айналып, өзекті мәселе болып қалуда.

Діни экстремизм мен  терроризм әрбір мемлекеттің ұлттық қорғалу мүддесі деңгейінің тәуелділігін арттырып, әлемдік мәндегі проблемаға айналды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан 2050 стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын Жолдауында ең маңызды міндеттердің бірі ретінде радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен байқалуына қарсы іс-әрекеттер қолдану қажеттілігі  айтылды.

Бұған қоса, діни экстремизмнің алдын-алуды күшейту, әсіресе, бұл жұмысты жастар арасында кеңінен жүргізу, сондай-ақ конфессияаралық бейбітшілік пен келісім орын алған, дінге сенушілер мен атеистік көзқарастар ұстанатын азаматтардың құқықтары және дәстүрлері мен мәдени құндылықтарына жауап беретін ұғымдарды діни  көзқарастағылар ортасында қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Діни-саяси экстремизммен қоғам да, мемлекет те күресуі керек. Әрине, бұл күрестің әдістері оларда әртүрлі. Егер, мемлекет экстремизмнің туындауына жағдай жасайтын әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жойып, экстремистердің заңға қайшы әрекеттеріне тосқауыл қойса, қоғам экстремистік идеялар мен үндеулерге саяси және ұлттық діни  толеранттылықты және азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді қолдауы қажет.

Осы орайда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жылдық бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың үш айында бірқатар іс-шаралар өткізілді. Атап айтар болсақ,   Шарапхана ауылдық мәдениет үйінде «Діни экстремизм мен терроризмге біз қарсымыз» атты пікірталас кеші, Рабат ауылдық мәдениет үйінде «Терроризмге қарсымыз» атты «дөңгелек үстел», Тұрбат ауылдық клубында «Діни экстремизмге, терроризмге қарсымыз» «дөңгелек үстел», Жаңабазар ауылдық кітапханасында «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» атты тақырыпта ой бөлісу, Шарапхана ауылдық кітапханасында «Қазақстандағы діни экстремизм сын-қатері: қарсы тұруға дайын болу» атты тақырыпта сұхбат сағаты, Тұрбат ауылдық кітапханасында «Діни экстремизм – қоғамның діни тұтастығын бұзатын әрекет» атты тақырыпта пікірталас, Қаржан ауылдық кітапханасында «Діни экстремизм мен терроризмнен сақ болыңыз» тақырыбында кездесу кеші, аудандық орталық кітапханада «Діни экстремизм ел болашағына кедергі» атты ток шоуы өткізілді.

Сөз соңында айтарым, өмірге ашық көзбен қарап, оның жолымен  батыл аяқ басып, өздеріңізді алдауға, қателіктерге жол бермеуге өз үлестеріңізді қосуға шақырамын.

А.ЖАНШУАҚОВ,

аудандық мәдениет және

тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.