Діни экстремизм қоғам дерті

Сәрсенбі, 20 Наурыз 2019 00:00 Жарияланды Дін Оқылды 93 рет

 

Соңғы жылдары дінге қатысты мәселелер өзінің өзектілігімен аса өткір тақырыптардың біріне айналып, еліміздің қоғамдық өміріндегі күн тәртібінде алдыңғы қатарға шыға бастады. Бұл, бір жағынан, дінге сенушілер қатарының көбеюінен, екінші жағынан, діни экстремизм мен терроризм мәселесінің өсе түсіп отыруынан көрініс табады. Бұл проблемалар өз кезегінде мемлекет пен қоғам алдына нақты шешімін табуды қажет ететін бірқатар кезек күттірмейтін міндеттерді қойып отыр. Бүгінде діни экстремизм мен терроризм әлемдік қоғамдастықты қатты алаңдатып отырған мәсе­леге айналды. Әрине, заманауи әлемнің қатеріне айналып отырған осынау зұлматтан біздің еліміз де сырт қала алмасы анық. Ол бүкіл қоғамның тізе қосып, күш біріктіруін қажет етеді. Дінге қатысты тура немесе жанама үдерістердің барлығы қоғамдық өмірдің маңызды бөлігін қамтитындықтан, дін төңірегіндегі туындайтын проблемаларды шешуге билік органдарымен қатар, азаматтық қоғам институттарының қатысуы ерекше маңызға ие. Бүгінгі күнде рухани жаулап алу дінді бетперде ретінде пайдалана отырып теріс идеяларды жас­тар арасында белсенді таратудан  көрініс тауып отырғаны жасырын емес. Осы орайда, радикалдық сипаттағы діни ағымдардың идео­логиялары азаматтарды наным-сеніміне қарай жіктеуді, дін  жолында жүргендерді басқалардан  жоғары қоюды, мемлекеттің зайырлы қағидатын қабылдамауды алдыңғы қатарға қояды. Ал мұн­дай идеологияның әртүрлі дін­дерді ұстанатын көп этностан тұ­ратын Қазақстан қоғамы үшін қаншалықты қауіпті екені айтпаса да түсінікті. Елімізде бүгінгі күнде ради­калдық діни ағымдардан келетін қауіп-қатерлерді халық арасында кеңінен түсіндіру шаралары қолға алынып жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдарында осы тақырыптарға қатысты мазмұнды мақалалар жарияланып, телеарналар мен радиоларда дін мәселелерін қоз­ғайтын бағдарламалар мен хабарлар көптеп берілуде. Жалпы, қоғамның белсенді топтарының, ғылыми және шы­ғар­машылық зиялы қауымның қазақстандық бірегейлілікті сақ­тау мен нығайтудағы және хал­қымызды діни экстремизм мен сыртқы рухани шабуылдардан қорғаудағы бірлесіп жұмыс жүргізетін негізгі бағыттары осы болмақ.

«Алтынтөбе ауылы округі әкімі аппараты» мемелекеттік мекемесі