Терроризмнің алдын алмаса, қауіпті

Жұма, 31 Мамыр 2019 00:00 Жарияланды Дін Оқылды 578 рет

 

Бейбітшілік пен татулықты арқау еткен мемлекеттің билігін күйретуге әсер ететін бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша жаһандық мәселе –терроризм.Қазіргі уақытта терроризм мен эктремизмнің таралу қаупі еліміздің қауіпсіздігіне төнетін шынайы қауіпке айналып отыр.

Қазақстан Республикасының 1999-жылғы 13-шілдедегі № 416-І Заңының түсіндіріліміне сәйкес терроризм – күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану.

Терроризмнің обьектісі қоғамның қауіпсіздігі болып табылады. Қосымша обьектісі – адамдардың өмірі мен денсаулығы. Сондықтан, терроризмді көп обьектілі қылмыс түріне жатқызады. Қылмыстың обьективтік жағы – жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қауіпін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау. Субъективтік жағынан терроризм тек қана тікелей қасақаналықпен жасалады. Бұл қылмыстың субьектісі болып 14 жасқа толған, ақыл есі дұрыс адам саналады, ал объектісі болып қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, реттейтін қоғамдық қатынастар, азаматтардың өмірі, денсаулығы, меншігі, мүліктік немесе сезім мүдделері болып табылады.

Терроризм актісін жасау, терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру, террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу, экстремистік немесе террористік әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік, террористік не экстремистік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру, террористік немесе экстремистік даярлықтан өту үшін қылмыстық жауаптылықтар заңмен қарастырылған. Террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу әрекеті үшін ең қатаң жаза – он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделсе, терроризм актісін жасағаны үшін он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына жазалануы көзделген.

Сонымен қатар, заңмен кейбір жағдайлар бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылатын мән-жайлар көзделген.Терроризм актісін дайындауға қатысқан адам, егер ол мемлекеттік органдарға дер кезінде ескертуімен немесе өзге тәсілмен терроризм актісін болғызбауға септігін тигізсе және егер оның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Біздер Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде осы террористік, экстремистік әрекеттердің алдын-алуға үлес қосуымыз керек.

 А.ТЕЗЕКБАЕВ,

аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі.