РАДИКАЛДЫ АҒЫМ ҰСТАНУШЫЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жұма, 31 Мамыр 2019 00:00 Жарияланды Дін Оқылды 390 рет

 

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында да террористік актілер орын алып, күллі қоғамды дүрліктіргені белгілі. Елімізде терроризмнің пайда болуының себептері ретінде негізінен екі фактор келтіріледі: біріншісі – халықаралық террористік ұйымдар әрекеті болса, ал, екіншісі – әлеуметтік-экономикалық мәселелер яғни дағдарыс, жұмыссыздық, маргиналдар әрекеті деп саналады.

Қазіргі кезде қазақстандық ғалымдар тарапынан да еліміздегі діни ахуалды зерттеп-зерделеуге байланысты бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасындағы барлық деңгейлерде әкімшіліктерге қарасты Терроризмге қарсы комиссиялар, экстремизм мен терроризмнен туындайтын қауіп-қатерлердің алдын алу, олармен күресу жұмыстарын жүйелі жүргізуде. Сондай-ақ, барлық деңгейлерде Антитеррористік комиссия, күштік құрылым бойынша Антитеррористік орталық терроризм мен діни экстремизм қаупімен байланысты қылмыстардың алдын алу мен оларға қарсы тұруға бағытталған жұмысты атқаруда.

Ал енді радикалды ағым ұстанушыларының әлеуметтік-психологиялық мінездеріне тоқталайық:

1. Миссионер – идея жанкеші;

2. Кекшіл – бұл топта ерлермен қатар, әйел адамдар, бозбалалар кездеседі. Мінез-құлықтың негізгі мақсаты – кек алу. Бұлар «сеніміне», олардың топтарына көрсетілген «зәбірлік» үшін кек алады.

3. Сценарист-режиссер – жанкешке жақын түр болғанымен, оған қарағанда неғұрлым ұстамды. Әдетте, олар террорлық актінің толық жоспарын құрумен айналысады. Бұл лидерлер көпшілікке байқалмауды жөн көреді.

4. Нарцисс – өзіне-өзі тым сенімді, өзін әділет үшін күреске шыққан жауынгер болып сезінуші.

5. Қорлық көруші – бандиттік және террорлық топтарда жиі кездесетін тұлға типі. Басқаларға қиянат көрсеткенде өзін-өзі жақсы сезінетін, басқаларға зәбірлік көрсеткеннен өзіне іштей қанағаттану сезімдері бойлайды. Сондай-ақ, бұл тұлға типі беделді адамдардың ықпалына тез иіліп қалады.

6. Садист – бұл тұлға типі үшін террор эмоциялық қанағаттанудың негізгі жолы ретінде көрінеді. Оған агрессия, зұлымдық, қатыгездік, зорлыққа үрейлендіріп, бұзуға деген құштарлық сияқты мінез-құлық ерекшеліктері тән. Идея үшін күрес бұндай адамға өзінің қиянат көрсетуге деген құлшыныстарын жүзеге асыруға қолайлы көзбояушылық қана болып табылады.

7. Актер – өзінің рөлін ойнап отырып, қоршаған ортаға жағымды әсер етуге тырысады. Атының баршаға белгілі болуын аңсап, қандай да болмасын жолмен батыр болып шығуды армандайды.

8. Зомби – өлімге әкелетін тапсырмаларды орындау үшін идеалды орындаушы типі. Тапсырманы орындауда «зомби» тез әрекет етеді, жақсы жұмыс жасайды, ештеңеден қорықпайды.

9. Ақымақ – эмоциялық тұрғыда салқындық танытушы, мінезі жыртқыш, мораль дегенге иілмейтін тұлға типі. Ол үшін кімді және қалай өлтіру маңызды емес. Ол өзінің пайдасын ойлайды. Сыйақы үшін өлімнің әр түрлісін жүзеге асырады.

Жоғарыда келтірілгеннен біз келесідей қорытындыға келдік: тұлғаның әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы тұрақты түрде сипатын өзгертіп отырады, бірақ қылмыскерлердің негізгі тобын маргиналдық бағыты бар жас адамдар құрайды. Бүгінгі таңда үкіметіміз тарапынан осы мәселелерді шешу бойынша қыруар жұмыстар атқарылуда, олар: аудан көлеміндегі барша білім беру мекемелеріндегі жоғарғы сынып оқушыларымен және бастауыш мектептерінің ұстаздарымен, жастар ресурстық орталығы қызметкерлерімен дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер, кездесулер ұйымдастырылуда.

Ділмұрат ОРАЗБАЕВ,

«Кемел ел» әлеуметтік даму Ұлттық қорының төрағасы.