Діни экстремизм мен терроризмнің таралу себептері

Дүйсенбі, 15 Шілде 2019 00:00 Жарияланды Дін Оқылды 275 рет

 

Діни экстремизм – діни фанатизмнің шектен шыққан түрі. Кез келген экстремизмнің мәні – олардың пікірлеріне қосылмағандарға зорлық-зомбылықтарын көрсету. «Діни экстремизм»  әлемді өздерінің  шектен шыққан көзқарастарына сәйкес қайта құруға ұмтылады.  «Діни экстремизм» – террористік іс-әрекеттердің туындауына себеп болатын саяси құрал.

Жаһандану заманында «діни экстремизм» қанатын кеңге жайып, халықаралық деңгейге жетіп отыр.  Қазіргі уақытта халықаралық экстремизм және терроризммен тиімді күресу үшін әлемдік қоғамдастықтармен біріге отырып жан-жақты күшейтуіміз керек. Бүкіл әлемдегі кез келген мемлекет бұл «қоғамдық қасіретке» қарсы күресті жеке жүргізу қиындыққа соғады. Сондықтан, 2006 -жылы 8- қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы «Ғаламдық террормен күрес» стратегиясын қабылдады. Аталған құжатта БҰҰ-на мүше мемлекеттер экстремизм мен терроризмнің барлық пішіндерін бір жақты айыптайды, соған қарсы тығыз ынтымақтастық арқылы әрекет етуге дайын екендіктерін көрсетеді. Елімізде «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 10-бабында: «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарымен және халықаралық ұйымдармен экстремизмнің алдын алу, анықтау және жолын кесу саласындағы өзара іс-қимылы» деп аталады.  Соған қарап отырып, еліміз экстремизм мен терроризмге қарсы басқа мемлекеттермен бірігіп күресуге дайын екендігін көреміз. «Экстремизм әртүрлі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, дінаралық жағдайдың ушығуына да себепкер болуда. Олар қай діннің атынан белсенділік танытса, бәрінен де көп зиян шегетін сол дін. Экстремистер адамдардың  дінге деген құрметі мен сенімін өз мақсаттарына кеңінен пайдалана отырып, дін үшін әрекет етіп жүргендей көрінуге тырысады».

Экстремизм және терроризм өздерінің қылмыстық мақсаттарын орындау мақсатында барлық мүмкіндіктерді пайдаланады, соның ішінде әлемде ең қымбат – адам өмірі, оның денсаулығы мен қоғамдағы күнделікті іс­-қимылын жоюға дейін барады.

Діни экстремистік топтардың іс-әрекеттері төмендегідей көрініс табады:

Исламға (басқа дінге) үйрету деп экстремисттік идеялар таратылады;

Діни (исламдық) тәртіп үшін күресуге шақыратын топтар, партиялар ұйымдастырылады;

Билік жағынан қарсы әрекет жасалғанда жасырын жағдайға көшеді және өздеріне халықтық мүдделер үшін күресушілер тобын құрайды;

Басқа экстремисттік ұйымдармен тығыз байланыстар орнатылады және бірігеді, шет ел орталықтарымен байланыста болып және олардың көмегімен билікке қарсы джихад (соғыс) жариялайды.

Сонда байқап отырсақ, экстремизм мен терроризмнің шығу себептерін талдауы барысында саяси, экономикалық, әлеуметтік, этникалық, діни-конфессионалдық көзқарастары мен  қайшылықтардың еркін соқтығысуында деуге болады.

Әлемдегі жаһандық мәселелерді шешу барысында күш біріктірмесек, бұл қауіп-қатер өсуі мүмкін. Осы кезде еліміздің  қауіпсіздігін қамтамасыз етуде адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау мемлекеттің бірден-бір негізгі бағыты болып табылады.

А.АҚШОРАЕВ,

Қазығұрт аудандық ішкі істер

бөлімінің бастығы, полиция полковнигі.