Діни тұрақтылықты қамтамасыз ету маңызды

Сейсенбі, 05 Қараша 2019 00:00 Жарияланды Дін Оқылды 34 рет

 

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша Қазығұрт ауданында «Кемел ел» әлеуметтік даму Ұлттық қоры» қоғамдық қоры тарапынан 13 ауыл округінде іс-шаралар өткізілді. Тұрғындармен кездесу ұйымдастырылып, оған арнайы мамандар, мәдениет және ауыл округі әкімдіктерінің қызметкерлері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Сондай-ақ, аудандағы денсаулық сақтау мен өрт сөндіру, кітапхана, «Жастар» ресурстық орталығы, спорт мектебі қызметкерлерімен де кездесулер өткізілді.

Сонымен қатар, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша аудандағы барлық діни табыну орындары мен мешіттерде имамдардың қатысуымен басқосу жиындары болды. Аудан орталығындағы «Мұсылмандар», Тұрбаттағы «Ысмайыл ата», Жаңабазардағы «Қазығұрт» мешіттеріндегі жиындарға Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшелері Абдуғаппар Сманов, Дастан Желеуов және Ғазиз Ахмет сияқты ғалымдар қатысып, діни тұрақтылықтың қамтамасыз етілуі маңызды екенін халыққа жан-жақты түсіндірді.

«Мұсылмандар арасындағы қарама-қайшылықтар мен қақтығыстарға себеп болған мәселелер» атты кітапша жарық көрді және «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында арнайы парақшалар шығарылып, олар білім беру орындарында өткен кездесулерде жоғарғы сынып оқушыларына таратылды.

Қазығұрт ауданы тұрғындары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жыл басынан бері бірнеше рет діни тақырыптарда мақалалар жарияланып, халық әхлі сүннет жолындағы діни ақпараттардан хабардар етілуде.

Д.УРАЗБАЕВ.