Кәсіпкерлікті қаржыландыру жалғасуда

Жұма, 03 Наурыз 2017 09:52 Жарияланды Экономика Оқылды 43833 рет

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша (Жергілікті атқарушы орган және «Даму» қорының қаражатының есебінен) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырудың аймақтық бағдарламасы жалғасуда. Бағдарлама шарттарына сәйкес, кәсіпкер өз бизнесін жүзеге асыру үшін жылдағы 8,5%-бен 200,0 млн. теңгеге дейін несие ала алады. Жаңа негізгі құралдарды сатып алуға және жаңғыртуға несиелендіру мерзімі 84 айға дейін.


Бағдарламаға Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында тіркелген, экономиканың басым бағыттарында Оңтүстік Қазақстан облысында жеке жобасын жүзеге асырып жүрген немесе жоспарлап жүрген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Алайда Шымкент қаласында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруда Шымкент қала­сының индустриалды аймағы аумағында жүзе­ге асырылатын жобаларға ғана, сонымен қатар, 2015-2019 жылдарға арналған Республикалық индустриаландыру картасына және 2015-2019 жылдарға арналған Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлікті қолдаудың Аймақтық картасына кірген жобаларға ғана мүмкіндік бар.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жобаларын қаржыландыруда «Даму» Қорының кепілдігін ала алады.
«Қазығұрт-ақпарт»