Азиялық Несие Қорының Қазығұрт бөліміне 3 жыл!

Дүйсенбі, 29 Мамыр 2017 10:28 Жарияланды Экономика Оқылды 1168 рет

Қазығұрт ауылында 2014-шы жылдың сәуірінде ашылған Азиялық Несие Қорына (АНҚ) бүгінде 3 жыл толып отыр. Біз осы қысқа мерзімнің ішінде айтарлықтай үлкен жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз, қазіргі таңда Қазығұрт ауданында 2 624 тұтынушыға 498 млн. теңгені құрайтын несие беріліп отыр.


3-жылдың ішінде өсіп келе жатқан АНҚ, түрлі іс-шараларға қатысты. Мысалға айта кетсек, өз каржыңды үнемдеуге жол көрсету, (несие алған тұтынушылардың басым бөлігіне) агрономдық ақыл-кеңес туралы тренингтер (жылына 1- рет өткізілетін) және жыл сайын өткізетін промоакция «Наурыз» сияқты іс-шаралармен тұтынушылардың көңілінен шығуда.
Бүгінде өсіп келе жатқан Азиялық Несие Қорында казіргі таңда аудан тұрғындарына 7 несие маманы, 1 аға маман және 1 кассир жұмыс жасауда.
АНҚ-ның көрінісі: Белсенді азаматтық қоғам құру үшін ауылды жерлердегі үй шаруашылықтарының тұрақты дамуын қолдау.
АНҚ-ң мақсаты: Үй шаруашылықтарына тұрмыстық деңгейін дамыту мақсатында қаржы және дамыту жөніндегі қызметтерді ұсынатын Қазақстан Микроқаржы секторындағы дамытушы көшбасшы ұйымға айналу.
АНҚ, экономикалық даму және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі халықаралық ұйым болып табылатын Мейірімділік Корпусының микро- және макро несиелеу бағдарламасының негізінде 1997 жылы құрылған. Қазіргі уақытта АНҚ, Қазақстанның заңнамасына сәйкес құрылған және төрт заңды тұлғаға тиесілі микроқаржы ұйымы болып табылады. Компанияның иеленушілері; Мейірімділік Корпусы, БОПА (Base of Pyramid Asia), қазақстандық ұйымдар – АНҚ Қоғамдық Қоры және АНҚ қызметкерлеріне тиесілі «Каравелла Инвест» ЖШС болып табылады. АНҚ, жеке тұлғалардың азаматтық қоғамда қатысуын кеңейте отырып, ауыл тұрғындарына қаржылық және инновациялық өнімдер мен қызметтерді ұсынады. АНҚ, 30 шағын кеңседен құралған 25 кеңсесі ауылдық аудан орталықтарында орналасқан, олар Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанның өңірлерінде несие қызметін жүзеге асырады.
Мекенжайымыз:Қазығұрт ауылы,

А. Яссауй көшесі, 13.
Телефон: 8 (72539) 2 14 98Біздің сайт:
www.asiancreditfund.comE-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.