Баламалы энергия көздері игерілуде

Дүйсенбі, 16 Шілде 2018 00:00 Жарияланды Экономика Оқылды 200 рет

Жолдауға қолдау

                                   

0212

Жолдау – халықтың әл-ауқатын жақсартудың басты құжаты саналады. Жолдауда баса айтылған 10 міндет маңыздылығымен ерекшеленеді. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты тақырыпта жарияланған Жолдауда ең маңызды деген міндеттің бірі – ол энергия тапшылығын шешу мәселесі.

Ғалымдардың зерттеулері бойынша «2050 жылдарға қарай осы проблема әлемдік экономиканың тоқырауына әкеліп соқтырады» деген болжам да жоқ емес. Сондықтан, өткен жылы Астанада өткен «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің басты тақырыбы баламалы энергия көздерін игеру арқылы тығырықтан шығу жолдарына арналған болатын.

Оның нәтижесі де байқала бастады. Өткен жылы жалпы құны 400,0 мың теңге болатын гидроэлектро станциясы іске қосылды. Қазіргі таңда 6 ауылды электр қуатымен қамтып отыр.

Демек, бұл салада басталған жұмыс та, нәтиже де бар. Жаңалықты жатырқамай, энергия қуатын түрлі көздерден алу жағын қарастыра беру керек деп есептеймін.

Нұрғали ТӨРЕШЕВ,

Қызылсеңгір ауылындағы

шағын электростанцияның операторы.