Көк өскінді көбейтейік!

Жұма, 08 Ақпан 2019 00:00 Жарияланды Экономика Оқылды 832 рет

011242

        Әрбір адамзат баласы үшін көшеттер мен жас өскіннің маңызы ерекше. Орман, тоғайларымыз, өзіміз саф ауасын жұтып отырған ортамыз жасыл желекке оранып жайқалып тұрса жақсы емес пе? Қазақстан жері ұлан – байтақ болғанымен орманды алқабы жерінің аз ғана бөлшегін алып жатқаны белгілі.
        Орман, ағаш тек қана табиғаттың сұлулығы үшін ғана қажет емес, оның қоршаған ортаға, адаммен бүкіл жан – жануарлардың денсаулығына, ағзасына тигізер пайдасы шексіз.

      Осыны түсінген мемлекет Үкіметі ел Президентінің көп жылға арналаған стратегиялық кешенді бағдарламасы бойынша қолдан еккен, жасанды орман алқаптарын республика аумағында ғана емес еліміздің әр бір үлкенді – кішілі қалалары мен облыс, аудан, ауыл округі мен елдімекендерде бой көтеру үшін қыруар қаржы жұмсап, еңбектену үстінде. Атқарылған шаруаларда ауыз толтырып айтарлықтай.

Қазіргі кезде мекеме тұқымбақтарында көшеттердің 50-ден артық түрлері өсірілуде. Соған қарамай мекеме қызметкерлері көшеттердің жаңа түрлерін табу, іздестіру, зерттеп жерсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Көшеттердің жаңа сорттарын көбейту мақсатында биылғы жылғы жаңалық церцисс европейский, альбиция, сабын ағашынан /кельрейтерия метельчатая/ тұқымдары сынама ретінде себіліп өніп шыққан жас өскіндер күтіп бапталуда қосылды.

Мекеме питомниктерінде күзгі қазу жұмыстары біткеннен кейін әртүрлі ағаш қаламшаларын дайындау жұмыстары жүргізілді. Былтырғы желтоқсан айында мекеме бойынша никтерінде мына төмендегі қаламшалар дайындалды: Бүйірген, Ақтерек, Жылауықтал, Қаратал, Калифорния терегі, Жиде, Қарақат, Жүзім, Шынар, Жасмин т.б.

       Табиғи байлығымызды көзіміздің қарашығындай сақтау, оны қорғау бәріміздің Отан алдындағы, келешек ұрпақ алдындағы парызымыз. Сөзімді қорыта келе, өз ауданымыздың табиғатын, экологиялық жағдайын жақсарту үшін ауламызға, көше бойларына, арық-атыздар мен жағалауларға ағаштар егіп, туған жерімізді түлетуге шақырған болар ем. Дана халқымыздың «Бір тал кессең, он тал ек» деген сөзінің жаны бар екендігін айтқым келеді.

А. Есназаров,

«Жасыл желек» мемлекеттік мекемесінің орман шебері.