Облыс әкімі ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: «ШАРУАЛАР ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕРДІ ПАЙДАЛАНУЫ ТИІС»

Сейсенбі, 23 Сәуір 2019 00:00 Жарияланды Экономика Оқылды 611 рет

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болды. Алдымен «Қазығұрт» индустриалды аймағына аялдаған өңір басшысы ондағы кәсіпорындар мен өндірілетін өнім түрлерімен танысты. Әуелі аймақта орналасқан сусын өндіретін «Көрік» ЖШС-не барды.

23042019 

Облыс әкімі Қазығұрт ауданына сапары аясында 70 гектар жерге қарқынды бау шаруашылығын дамытып отырған «Бірлік» АӨК өндірістік кооперативінің жұмысын аралап көрді. Онда қазір алманың «Голден», «Делишес», «Ред Делишес», «Гала Фуджи», «Грени», «Смит» сынды түрлері өседі. Аймақ басшысы алма бау көлемін ұлғайту мақсатында қожалық иесіне Түркістан қаласынан жер телімі берілетінін айтты. Сондай-ақ, қарқынды бау көлемін көбейтуде аудан басшылығына кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдау мен жер мәселелерін дер кезінде шешу қажеттігін тапсырды. 

«Қайып ата» ЖШС қожалығының жұмыс барысымен танысқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев шетелге ет өнімін экспорттау үшін қожалықты арнайы реестр тізіміне қосып, қолдау көрсетілетінін жеткізді. «Қайып ата» ЖШС-нің мал бордақылау кешені Қазығұрт ауданындағы Шарбұлақ ауылдық округінде орналасқан. Кешенде бүгінде 5 мыңға жуық ірі қара бордақылануда. Кешенде өсірілетін төрт түліктің еті экологиялық жағынан таза әрі сапалы болғандықтан сұраныс өте жоғары. Сондықтан серіктестік ет өндіріп қана қоймай, оны шет елдерге экспорттау жұмысын да қолға алған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі