ҚҰРЫЛЫС САПАСЫМЕН ҚҰНДЫ

Жұма, 08 Қазан 2021 00:00 Жарияланды Экономика Оқылды 106 рет

244461271 3026156914327018 5086668093767861649 n

Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың кезекті іс-сапары ауыл округтарындағы атқарылып жатқан бірқатар құрылыс нысандарын аралаудан ­басталды.
Қарабау ауыл округіне қарасты Құларық елдімекеніндегі Қаржан өзені арқылы өтетін көпірді, Алтынтөбе ауыл округіне қарасты Рақымов, Жұматаев, Атанбеков көшелерін орта жөндеу мен Аққұм елдімекеніне газ құбырын тарту құрылыс жұмыстарын көріп, мердігерлермен кездесті. Аудан басшысы құрылыстардың сапалы және мерзімінде аяқталуын тиісті бөлім басшыларына тапсырды.
Аудан басшысының іс-сапары С.Рақымов, Жігерген ауыл округтерінде жалғасты. Алдымен, Көкібел елдімекеніндегі Айқынбай батыр көшесіне шағал төсеу жұмысымен танысты. Майбұлақ елдімекеніндегі А.Байзақұлы, Т.Байжанұлы, З.Жүнісбекұлы, Болашақ, Қиянтайұлы көшелерінің газ жүйелері құрылысын бақылады. Содан соң, Жігерген ауыл округіне қарасты Дихан елдімекеніндегі Ж.Дүйсенбеков пен Татулық көшелерінің орта жөндеу жұмыстарын аралап көрді. Жігерген елдімекеніндегі Жігерген өзені арқылы өтетін көпірдің күрделі жөндеу жұмыстарымен де танысты.
Аудан әкімі А.Абдуллаевтың жұмыс ­сапары барысында бірқатар жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралап, құрылыстың сапалы әрі уақытылы атқарылуын, аудан әкімінің орынбасары мен жауапты бөлім басшысына тапсырмалар жүктеді.


«Қазығұрт-ақпарат».