АУЫЛ ОКРУГІ БЮДЖЕТТЕРІНЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ

Жұма, 15 Қазан 2021 00:00 Жарияланды Экономика Оқылды 105 рет

IMG 2720

Қазығұрт аудандық мәслихатының жетінші шақырылымдағы кезектен тыс он алтыншы сессиясы өтті. Оған аудан әкімі А.Абдуллаев, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, дербес бөлім басшылары мен ауыл округі әкімдері қатысты.
Сессияға аудандық мәслихат хатшысы Ө.Көпеев төрағалық жасады.
Онлайн-трансляция режимінде өткен жиында бір мәселе қаралды. Сессияның күн тәртібі:
1. Қазығұрт аудандық мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы» 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №67/410-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Сапиев баяндама жасап, түсінік беріп өтті.
Депутаттар тарапынан қойылған салықтық түсімдер туралы сауалдарға нақты жауап берілді.

IMG 2725
Сессия соңында аудан әкімі «Қазақстанның Кәсіподақтар күніне» орай Түркістан облысы мемлекеттік мекемелер қызметкерлері кәсіподағының «Еңбек озаты» төс белгісін аудан әкімінің баспасөз хатшысы С.Қалботаевқа, «Қызмет» Мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының «Алғыс хатын» аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы С.Әлсейітовке, «Құрмет грамотасын» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Сапиевке салтанатты түрде табыстады.

«Қазығұрт-ақпарат».