23 ЖАҢА ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖОБАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ
Жұма, 09 Желтоқсан 2016 09:50Астанада Президенттің қатысуымен Индустрияландыру күні аясындағы Жалпыұлттық телекөпір болды. Телекөпір барысында Елбасы республикамызда 23 жаңа индустрияландыру жобасын іске қосуға пәрмен берді. Сонымен қатар, «Алтын сапа» сыйлығы, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2016» байқауы жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі болды.
Асқар Әбубәкіров, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:«Азаматтар игеруге болатын сан түрлі кәсіпті біле бермейді»
Жұма, 25 Қараша 2016 11:49Қазығұрт ауданының мәдениет үйінде «Атамекен» республикалық Ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстық, аудандық филиал басшыларының жергілікті кәсіпкерлермен кең форматта кездесуі өтті. ОҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіров, ең алдымен мәдениет сарайының холындағы жергілікті тауар өндірушілерінің көрмесімен мұқият танысып, мән-жайға жан-жақты қанығып, кәсіп иелерімен жұмыс барысын талқылады, ашық әңгіме құрды.
Бау шаруашылығын дамыту маңызды
Жұма, 25 Қараша 2016 10:49«Аманкелді» ЖШС-нің жүзімбағы орналасқан егін алқабында бау шаруашылығын дамыту мәселесі жайлы семинар-кеңес болып өтті. Оған Мақтарал, Сарыағаш, Қазығұрт аудандарынан бау шаруашылығымен айналысатын мамандар, жеміс-жидек шаруашылығымен айналысатын агроқұрылымдардың өкілдері қатысты.
ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЖОЛЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жұма, 25 Қараша 2016 10:43Облыс әкімдігінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен Түркияның мәдениет және туризм министрлігінің тренер шеберлері – Джеззим Оздемир және Мурат Озен, сондай-ақ, Түркиядағы турагенттіктер қауымдастығының уәкілетті өкілі Чери Эрдалдың кездесуі өтті. Оңтүстіктегі туризм саласының мамандарын оқытуға келген делегация мүшелерімен болған отырыста тараптар аймақтағы аталмыш саланы дамыту жайын талқылады.
Болашақтың энергиясы – әлем үшін маңызды
Дүйсенбі, 21 Қараша 2016 17:04Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы болдық.
Қарқынды бақтар шығынды үнемдейді
Жұма, 18 Қараша 2016 11:42Биыл Оңтүстік Қазақстан облысының бағбандары гектарына 50 тоннаға дейін өнім алды. Бұл соңғы технологияларды қолдану арқылы егілген баудың жемісі. Еліміздің оңтүстігіндегі диқандар бау-бақша өнімдері мен көкөністерге деген сұраныстың басым бөлігін қамтамасыз етіп отыр.
Ауданымыз – тағы да алда
Жұма, 18 Қараша 2016 09:48Оңтүстік Қазақстан облысында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері күніне арналған «Алтын күз - 2016» салтанатты шарасы өтті. Ауыл шаруашылығы саласының жетістіктері баяндалған мерекеге келушілерді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев құттықтап, биылғы жылдың өңір шаруаларына берекелі болғанын атап өтіп, шаруаларға қуанышты хабар ретінде келер жылға 6 млрд. 47 млн. теңге субсидия бөлінгенін жеткізді.
Елбасы Сербияның Премьер-Министрі Александр Вучичпен кездесті
Жұма, 18 Қараша 2016 09:41Кездесуде Мемлекет басшысының Сербияға биылғы тамыздағы ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу мәселелері талқыланды. Қазақстан Президенті Сербия біздің республиканың Еуропадағы маңызды серіктесі болып саналатынын және экономикалық қарым-қатынасты дамыту үшін жеткілікті әлеуеттің бар екенін атап өтті.
Қазығұрт – даму даңғылында
Сәрсенбі, 16 Қараша 2016 11:21Тәуелсіздік алған 25 жыл – аудан және қала басшылары үшін де есепті мерзім. Әкімдер үшін сын сағаты таяды. Ширек ғасырда бар-жоқты түгендегендер тізімінде – Қазығұрт ауданы. Өңір жұртының саны 1991-жылы 83 мың болса, 25 жылда 110 мыңға жетті. Бюджет көлемін де бұрынғымен салыстыруға келмейді. Азаттықтың ақ таңы атқан алғашқы күндегіден 115 есеге көп. Жетекші салалар жетістікке толы. Аудан әкімі Төлеген Телғараев орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәжілісін өткізді.
Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері марапатталды
Сәрсенбі, 16 Қараша 2016 10:48
Қазығұрт ауданы жыл санап нағыз агроөнеркәсіптік өңірге айналып келеді. Биыл жергілікті дихандар қырманды астыққа толтырып, мақсары жинап, жеміс-жидек, бау-бақша, көкөніс дақылдарын егуде еселі еңбек атқарды. Облыс көлемінде ауданымыз астық бойынша – І, мақсары бойынша – ІІ орын алды. Жеміс-жидек, бау-бақша, көкөніс дақылдары бойынша да жоғары орынды иеленді.