«Күй күмбірі» атты күйшілер байқауы өтті

Дүйсенбі, 09 Шілде 2018 00:00 Жарияланды Мәдениет Оқылды 172 рет

      

         Жуырда аудандық мәдениет сарайында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Елордамыз – Астана қаласының 20 жылдығы және Қазығұрт ауданының 90 жылдығына орай «Күй күмбірі» атты күйшілердің байқауы өтті.                 

IMG 6432

 

       Байқауды аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды. Сарқылмайтын қазынамыз, яғни, ұлттық өнерімізді жалғастырушы   жастар өз өнерлерін осы байқауда сынады. Байқауға әр ауыл округтерінен 15 үміткер қатысты.

         Жас күйшілердің өнеріне аудандық музыка мектебі домбыра класының мұғалімі Н.Темірбеков және аудандық мәдениет сарайының аккомпониаторы Н.Байтұрсынов, аудандық мәдениет сарайының әдіскері М.Тантабаева төрелік етті.                

         Байқау шарты бойынша күйшілер бірінші, «Оңтүстіктің 100 күйін» екінші, өз қалауы бойынша бір күй орындады.

         Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені шарапханалық Әміре Әбдірашит, қызылқиялық Таласбай Ерболат – І, қазығұрттық Шыршықбай Мақсұт – ІІ, жаңабазарлық Жарылқасын Аружан мен қақпақтық Баймұратов Дәурен – ІІІ орынды иемденді.

         Байқау жеңімпаздары Әміре Әбдірашит пен Таласбай Ерболатқа облыстық байқауға жолдама берілді. Қатысушыларға арнайы диплом және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

                

Р.ЕШМҰХАМБЕТОВА,

аудандық мәдениет

сарайының әдіскері.