Өз балаңа үлгі бол!

Дүйсенбі, 12 Қараша 2018 00:00 Жарияланды Мәдениет Оқылды 66 рет

Конференция

                              

 

Жуырда Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейде «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-аналар: «Өз балаңа үлгі бол!» атты ата-аналардың республикалық конференциясы өтті. Конференцияға мектеп мұғалімдері мен 1-11 сынып оқушылары, ата-аналар, әкімшілік қызметкерлер қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Кездесу мақсаты – жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту, бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығын ұғындыру, жасөспірімдер ортасындағы девианттық мінез-құлық пен құқық бұзушылықтардың, кәмелетке толмаған балалардың суицидтік (аутодеструктивті) мінез-құлқының алдын алу.

Жиында мектеп директоры Б.Әлімбаев аса маңызды мәселелер жөнінде қысқаша айтса, отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту, бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы жөнінде тәрбие жөніндегі орынбасары Айсұлу Наушабаева баяндады.

Аталмыш маңызды мәселелер бойынша «Отбасылық құндылықтарды нығайту», «Ата-ананың міндеттері», «Тату отбасы – бақытты бала – гүлденген ел» бейнеролигі, «Баланы мектепте оқуға бейімделуге тиімді көмек шаралары», «Неге балада қиындықтар туындауы мүмкін?» деген тақырыпта слайдтар көрсетілді.

         Жиынды қорытындылау үшін мектебіміздің психолог маманы А.Тұрсынбаева тренинг сабақ ұйымдастырды.

Айгүл ЖҰМАШОВА,

Т.Рысқұлов атындағы

мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі.