Тәуелсіздіксимволы – ұлттықтеңге қазынамыз

Дүйсенбі, 12 Қараша 2018 00:00 Жарияланды Мәдениет Оқылды 62 рет

Төл теңгемізге – 25 жыл!

 

        

3623

Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен қол жеткіздік. Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.Саяси егемендігін алған ел экономикалық тәуелсіздікке де ие болуы қажет. Осы орайда барлық мемлекет бұрынғы Кеңес одағының рубльдік аймағынан шығып, өзінің ұлттық валютасын шығарды. 1993-жылдың қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы біздің жас тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. Уақыт талабына сай теңгенің дизайны өзгерді. Бүгінде купюраларымыздың қорғаныштық қасиеті дамыған елдер валютасымен бәсекелесе алады. Қазір ел экономикасы даму үстінде. Сондықтан теңгенің тұғыры да тұрақты. Қазір ол жақын шет елдерде сұранысқа ие. Мәселен, теңге Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейдеевро, доллармен бірге айналымда жүр. Рубль мен теңгенің қарым-қатынасы жақсы. Ұлттық валютаның бүгінгі тұғыры бір қалыпты. Жалпы, ұлттық валютаның құны ел экономикасының өсімімен белгіленіп отырады. Бұл – айқын нәрсе. Басқа валютаның қатынасына қарай құны белгіленеді. Теңге – дербестік тірегі, экономикалық дербестіктің кепілі. Теңге өзінің тарихи функциясын толығымен орындап келеді, әлі де өзінің құндылығын дәлелдей бермек, Өйткені ол – Ұлттық валюта. 1992-жылдың 27- тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітіп, қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлелов Англияға аттанған болатын. 1992- жылы теңге дизайндағы портреттер бекітіліп алғашқы теңге Ұлыбританияда басылып шыққан. 1993-жылдың 12-қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойып, 1993-жылдың 15-қарашасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді. 1993-жылдың 22-қарашасынан бастап зейнетақы мен еңбекақы теңгемен беріле бастады. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993-жылы 15-қарашада сағат 8:00-де басталып, 20-қарашада сағат 20:00-де аяқталған болатын. Сол аралықта Ұлттық банктің аудандық есептеу кассалық орталығында (РКЦ) қызмет атқарған, қазіргі таңда басқарманың техникалық қызметкерлері Бахтияр Телікбаев, Еркін Ерданаева, аудандық бюджеттік банктен Жаңыл Ерданаева рубльді ұлттық теңгеге ауыстыруда белсенді атсалысқанын ерекше атап өткен жөн. Ұлттық банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын, дегенмен еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 рубльге бағаланып бекітілген. 1994-жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалған 2, 5, 10, 20, 50 номиналды монеталар шықты. Ал, қазіргі таңда Ұлттық валюта банкнот және монета Қазақстанда шығарылады. Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен 1997-жылдан бері 15- қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді. Қазіргі таңда қазақстандықтардың ұлттық валютамыз теңгеге сенім артып қаржы нарығында тұрақты айналымға еніп тәуелсіз мемлекетіміздің бір нышаны болып қалыптасып қалды.

         Қазығұрт аудандық қазынашылық басқармасының құрылуы мен атқаратын қызметі жөнінде айтар болсам, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 1994-жылы 27-қаңтарда №1526 Жарлыққа қол қойып Қазақстан Республикасы министрлер Кабинетінің 1994-жылғы 20-мамырдағы №549 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қарасты Қазынашылықты құру туралы Қаулысымен құрылып, 1995-жылдың қыркүйек айында аудандық көлемде қазынашылықтың уәкілетті тұлғасы болып қазіргі таңда басқармада басшы орынбасары қызметін атқарып отырған Бахыт Садыбаев тағайындалды. Ал, 1998-жылдың 1-ші қаңтарынан Қазығұрт аудандық қазынашылық бөлімі, 2008-жылдың 1-ші шілдесінен бастап Қазығұрт аудандық қазынашылық басқармасы болып қайта құрылды.

         Қазығұрт аудандық қазынашылық басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің Түркістан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің аумақтық органы болып табылады. Басқарма аудандық көлемде республикалық бюджетті атқару және жергiлiктi бюджеттердің атқарылуына, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы бойынша операцияларды есепке алуды қамтамасыз ету және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті өзін-өзі басқарудағы 4-ші деңгейлі бюджеттің қолма-қол ақшаның тиісті бақылау шоттары мен квазимемлекеттік секторларының субъектілері шоттары бойынша операцияларды өткізу салаларында 53 мемлекеттік (коммуналдық) мекемелерге толығымен Қазынашылық – Клиент жүйесі арқылы қызмет көрсетеді. Қаржы құжаттарының дұрыс рәсімделіп, уақытылы қаржының діттеген жеріне түсірілуі мақсатында басқармада қызмет көрсетілетін мемлекеттік (коммуналдық) мекемелердің қаржы қызметкерлеріне бюджеттік заңнамаларға, нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды жетік біліп, бөлінген қаржыны толық игеру үшін семинар-кеңестерді жиі өткізіп отыруды қолға алған, бұл атқарып отырған жұмыстарымыз оң қорытындысын беріп отыр.

Облыстық, аудандық деңгейлерде және Түркістан облысы бойынша қазынашылық департаментінің құрылымдық бөлімшесі мен аумақтық органдары арасында өткізілетін спорттық іс шараларға басқарманың бас маман – бас қазынашылары Ғалымжан Байдалиев, Нұржігіт Жолдасов үнемі аудан атынан қатысып өздерін жоғарғы деңгейде көрсетуде. Құрметті, Қазақстандықтар Тәуелсіздігіміз мәңгілік, теңгеміз тұрақты, табысымыз мол болсын!

Нұржан ТӨЛЕЙОВ,

                                      Қазығұрт аудандық қазынашылық

басқармасының басшысы.