Табиғатты қорғау – адамзаттың парызы!

Жұма, 23 Қараша 2018 00:00 Жарияланды Мәдениет Оқылды 62 рет

3632

«Табиғаттың байлығы барша келер ұрпақтың игілігі… Бәріміз ондай байлық қолымызда болмағандағыдай өмір сүріп, жұмыс істеуге тиіспіз», деп Елбасымыз атап өткендей, еліміздің қолда бар байлығын сақтау, оны тиімді пайдаланып, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы жарқын болашақта өмір сүру өзіміздің қолымызда. Айналаны қорғау, өркендету және жақсарту жөніндегі әрекеттердің мақсаты адамдардың салауатты және сенімді ортада өмір сүруін қамтамасыз ету болып табылады. 

Бізді қоршаған табиғаттың, яғни орман, өзен – көл, тау жоталарының сұлулығы кімді болмасын қызықтырып, таң қалдырары сөзсіз.

       Өкінішке орай, соңғы жылдары от қойнауындағы салақтықтан, табиғи өрттің саны көбейіп отыр. Өрт қашанда жақсылық әкелетіні белгілі, ол жолында кездескен ағаш, аң – құсты түгелдей жойып, соңы қайғылы оқиғаға соқтырып жатады.

       Қазіргі уақытта орман алқаптарын қорғау және қалпына келтірудің көптеген маңызды мәселелерінің бірі орман өрттерімен күресу және орман алқаптарындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. 

     Қанат СЕРТАЕВ, «Жасыл желек» мемлекеттік мекемесінің орман қорықшысы.