«Қамқорлық менен және сенен басталады!»

Жұма, 08 Ақпан 2019 00:00 Жарияланды Мәдениет Оқылды 337 рет

Акция

3323

Жуырда «Ащыбұлақ» жалпы орта білім беретін мектепте Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Қамқорлық менен және сенен басталады!» атты қайырымдылық акциясы өтті. Акцияда «Қамқорлық», «Қайырымдылық», «Мейірімділік» тақырыптарына байланысты 5-9 сыныптар аралығында қабырға газеттер шығарылып, бастауыш сыныптар арасында ашық тәрбие сағаттары өтілді. Сонымен қатар, мектепішілік жәрмеңке ұйымдастырылып, оған 5-10 сынып оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар атсалысты. «Біз – қамқорлықты, мейірімділікті, қайырымдылықты қолдаймыз!» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мектеп директоры Н.Ерназаров ата-аналарды, мұғалімдерді, оқушыларды құттықтап, алғысын білдірді.

Жалпы, акция барысында көмекке мұқтаж отбасыларға қаржылай жәрдем берілді. Ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, мектеп әкімшілігіне алғысын айтты.

Қ.САБДЕНОВА,

«Ащыбұлақ» жалпы орта мектебінің әлеуметтік-педагогы.