Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында К.Әзірбаев атындағы жалпы орта мектептің 10-сынып оқушыларын өз өлкеміздің тарихын таныту мақсатында аудандық мұражайға апардық. Саяхат сабақтары арқылы оқушының туған өлкеге деген патриоттық сезімдерін дамыту – біздің кезектегі міндетіміз. Мұражайда оқушылар, жәдігерлермен танысып, үлкен әсер алды. Ауданымыздың құрылу кезеңінен бастап, өсу-өркендеу жолы, бүгінгі жай-күйі, өлкемізден шыққан өнер майталмандарының өмірі мен шығармашылығы, өткен ғасырларға тән тарихи деректермен танысты Ерғали Үстеновтың әңгімелерін оқушылар қызыға тыңдап, өз-пікірлерімен бөлісті. Көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды. Саяхат жастардың ой-өрісін, танымдық қабілеттерін арттырып, туған жер тарихымен қанығуына мүмкіншілік туғызды.
Қ.ЖҮЗБАЕВ,
К.Әзірбаев атындағы жалпы орта
мектебінің тарих және география пәні мұғалімі.