Алғыс ала, алғыс айта жүрейік!

Дүйсенбі, 11 Наурыз 2019 00:00 Жарияланды Мәдениет Оқылды 227 рет

 

     Бірлік және ынтымақты нығайтуға әрбір Қазақстандықтың қосар үлесі болуы тиістілігіне орай, ауданда күтімге алынған 95 жалғызілікті қартқа әлеуметтік қолдау шараларымен қатар, ақшалай көмектен бөлек ықылас танытқан жастардың топтары тартылып, көктемнің алғашқы шуақты күнінде аулалары мен шаруашылығына қолғабыс жасалынып, пайдасы мол іс атқаруға бөлім қызметкерлері мұрындық болды. Ішінде өзге ұлт өкілдері басым 80 жастан асқан 20 жалғызілікті қартқа аудан бюджетінен 207,0 мың теңге зейнетақыларына қосыша жәрдемақы төленді. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оған теңестірілгендерге басылымдарға тегін жаздырту көп жылдан бері жалғасын тауып отыр. 91 жекелеген санаттағы, оның ішінде 4 мүмкіндігі шектеулі азамат жеке оңалту бағдарламасы бойынша сауықтыру орындарына жолдамалармен қамтылды.

     «Алғыс айту» күніне орай орталықтағы «Ақ бидай» мейрамханасында аудан көлемінде тұратын жалғызілікті қарттар, өзге ұлт өкілдері, бөлімде еңбек етіп зейнеткерлікке шыққан әлеуметтік қызметкерлер шақырылып, дастархан мәзірі жайылып, заттай сыйлықтар мен гүл шоқтары табыс етілді.

   Осы іс шараны ұйымдастыруға демеушілік көрсеткен жеке кәсіпкерлер мен мекеме басшылары, бөлім қызметкерлеріне (Байғұлов Спандияр, Әлімбаев Бұхарбай, Әлсеитов Сәбит, Бұхаров Құралбек) алғысымызды білдіреміз.

К.Тілемісова,

аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімінің бөлімше меңгерушісі.