Ибалы келін, тәрбиелі ұрпақ

Жұма, 12 Сәуір 2019 00:00 Жарияланды Мәдениет Оқылды 314 рет

Отбасылық құндылық

 

   «Ел болам десең,бесігінді түзе», – деп М.Әуезов өткен ғасырда айтса да, афоризм ретінде қалыптасқан ұлы сөзді ұлағат тұтудан шаршамаймыз.

   «Ел болашағы – жастар» демекші елдің болашағын ұлықтау саясатын ұстана келе, Қаржан тауынын баурайында орналасқан «Айсұлтан» бөбекжай-балабақшасында. «Ибалы келін – тәрбиелі ұрпақ» атты келіндер байқауы өтті.

Байқауымыз Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Алғашқы бөлімінде алтын құрсақты аналарымыз «Бесік салу», «Тұсау кесу», секілді салт-дәстүрімізді дәріптеп көрсетті.

Бақшамыздағы «Айгөлек» тобынан – Ұлжан Сманова, «Сұңқар» тобынан – Перизат Әбдіхаймова, «Балапан» тобынан – Гүлжайна Нұрмырзаева, «Күншуақ» тобынан – Жамила Жүнісова, «Балауса» тобынан – Жансая Қаратай атты келіндеріміз қатысты.

   «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді», – дегендей келіндеріміз ауызбіршілікпен тамаша өнер көрсетті.

   Салт-дәстүр, әдеп ғұрыпқа байланысты сұрақтарға дұрыс, тапқырлықпен жауап беріп, өздерінін ибалы, инабатты келін екендіктерін дәлелдей түсті.

«Атадан ұл туса игі,

Ата жолын қуса игі,

Атадан қалған кәсіпті

Өзі біліп тұрса игі» – демекші осындай игі істер арқылы, кішкентай бүлдіршіндерімізге кішкентай болса да, ұлттық тәрбие бере аламыз деген ойдамыз.          

   Салт-дәстүрдің қаймағын бұзбай болашақ ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз.

                                                                            Тағайкүл ЖҰҚАБАЕВА,

Алтынтөбе ауылы.