Түркістанда «Матрешка» күні аталды

Жұма, 24 Мамыр 2019 00:00 Жарияланды Мәдениет Оқылды 347 рет

Бұл мереке славян жазуы мен мәдениетінің күні ретінде әр жылы 24-мамырда аталып өтіледі. Көзі қарақты оқырман славян харпін бір ізге келтірген ағайынды Кирилл мен Мефодияның еңбектерін жақсы біледі.
Осы «Матрешка» күні аталған мәдени мереке Ресей елшілігі мен Түркістан мәдени орталығының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында өтті.
Іс-шара жас өнер шеберлерінің, өнертапқыштардың, ұлттық киім үлгілерінің, аспаздардың, ұлттық дәстүрлерді дәріптеудің көріністерімен ұштастырылды.
Оған Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінің шәкірттері де қатысты.
Байқау нәтижесінде А.Гарифов, А.Шаповалова, А.Хасанов, Н.Тұрғанбек, С.Асқар, Г.Дауренбек, Д.Борзенко, А.Ардаққызы, Р.Махсудова жеңімпаз атанып, дипломмен марапатталды.
Өнерлі оқушыларды тәрбиелеген, жол көрсеткен ұстаздары Е.А.Лепешкина, Р.Г.Хусайынова, Н.Р.Құрбаналиеваға ұйымдастырушылар алғыс айтып, аудан әкімдігіне ризашылықтарын білдірді.

Ғ.ҚОЙЛЫБАЕВА.