Жалындайды Қазығұрттың жастары

Жұма, 31 Мамыр 2019 00:00 Жарияланды Мәдениет Оқылды 580 рет

Еркін күрес

 

        

Жуырда «Жеңіс» спорт кешенінде «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен "Жалындайды Қазығұрттың жастары" атты еркін күрестен жарыс өтті.

Жастар жылына орай өткізілген жарысқа әр ауыл округтерінен түрлі салмақ дәрежесіндегі жасөспірімдер мен палуандар бақ сынасты. Жарысты өткізудегі мақсат – еркін күресті жастар арасында насихаттау және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

   Көрермендер арасында еркін күресті дамытуға ат салысып жүрген азаматтар да болды. Олар жас өрендерімізге сәттілік тіледі. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері алғыс хатпен және сыйлықтармен марапатталды. 

Сағи ҚЫПШАҚБАЕВ,

«Жастар ресурстық орталығының

инспекторы.