«АЙГӨЛЕК» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Жұма, 31 Мамыр 2019 00:00 Жарияланды Мәдениет Оқылды 154 рет

 

Жуырда «Өнер» мектебінде Халықаралық балаларды қорғау күні аясында дәстүрлі «Айгөлек» балалар шығармашылығының аудандық фестивалі өтті.

         Бұған дейін фестиваль мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептердегі шағын орталықтар мен мектепалды дайындық сыныптарында ұйымдастырылып өтіп, жүлдегерлер мен жеңімпаздар аудандық іс-шараға жиналған болатын.

Аталмыш іс-шараға қатысушы жас дарындарға аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Алия Егізекова құттықтап, өнерлі өрендерге сәттілік тіледі.

Біздің «Шолпан» балабақшамыздың атынан «Жұлдыз» тобынының тәрбиеленушісі Нұрсейіт Ғайни Ердаулетқызы, тәрбиешілері – Илебаева Диана Фархатқызы мен Төлеубаева Айжан Мұрсалқызы қатысып, гимнастика, хореография өнерімен көпшіліктің көңілінен шығып, жүлделі І орынға ие болды. Осындай жетістікке жетуімізге меңгеруші Ногаева Саяра Алхарқызы жас бүлдіршіндердің өсіп, жетіліп биіктен көрінуіне жағдай жасап, балалардың қызығушылығын арттыруда десек жаңылыспаймыз.

            «Шолпан» балабақшасы аудан көлеміндегі іс-шараларда жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Аудандық, облыстық байқауларда өнерлі бүлдіршіндеріміз мерейімізді өсіруде.

Салтанат ҚҰЛБЕКОВА,

«Шолпан» балабақшасының әдіскері.