Мұражай көшпелі көрме ұйымдастырды

Жұма, 14 Маусым 2019 00:00 Жарияланды Мәдениет Оқылды 439 рет

 

Тұңғыш Призидентіміз Н.Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру максатында Қазығұрт ауданындағы мектептерде білім алатын жастардың мәдени, рухани білімін дамыту, өлке тарихын, жәдігерлерді насихаттау, отанға деген ұлтжандылығын күшейту мақсатында аудандық музейде көшпелі көрме ұйымдастырды. Аудан орталығынан шалғайдағы мектептерге барып музей көрмесін, тарихын, білім алып жатқан жас буын жастарға ауданымыздың, киелі Қазығұрт тауының тарихын, салт-дәстүрлерімізді, ата-бабаларымыздың ерлігін, қолөнер шеберлерін бұйымдарын, ауданымыздан табылған баға жетпес құнды заттардың тарихын насихаттап, көшпелі көрме көрсеттік. Мектеп оқушылары және ұстаздар көптеген әсерлі мәліметтер алды. Аса құнды экспонаттарды өз көздерімен көріп, қолына ұстап көріп, риза болды.

Е.ДӘУЛЕТОВ,

музей әдәскері.