«Ұлы ақынның ұлықталған шағы»

Жұма, 02 Тамыз 2019 00:00 Жарияланды Мәдениет Оқылды 704 рет

 

Қазақтың маңдайына біткен шолпан жұлдызы Хакім Абайға 175 жыл. Ұлы ақынды ұлықтау мақсатында «Абай оқулары» эстафетасының басталып, үлкен қарқынмен жалғасын тауып жатқаны жүрегі елім деп соққан әр бір қазақты қуантары анық.

«Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздіңде үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.» - деген Мұхтар Әуезовтың осы бір керемет сөзі осы эстафетаның әйтеуір бір боларын ақын жүрегі сезгендей.

«Абайды тану арқылы біз Қазақстанды танытамыз, қазақ халқын танытамыз, Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс.» - деп Тұңғыш Президентіміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан сөзді мінекей бүгінде бүкіл ел болып іске асырудамыз.

Құрметті Қазығұрт ауданының жыр сүйер халқы, біз сіздерді осы игі шараға, яғни «Абай оқулары» эстафетасының жалғасын табуына белсенді түрде қатысуға шақырамыз! Сондай ақ, Қазығұрт аудандық Құлмат Өміралиев атындағы кітапхана қорында Абай Құнанбаевтың кітаптары мен Абай жайлы кітаптардың көп екенін айтқым келеді. Кітапханамызға келіп, кітап оқып көңіл көкжиектеріңізді кеңейтуге шақырамыз!

                175 жылдығына Ұлы Абайдың,

                Бір игі іс басталды деп санаймын.

                Гүл, періште, бүлдіршінім бастады,

                Ал, патшамыз игі істі қоштады.

                «Ұлы Абай оқулары» - деп аталған

                Эстафета қарқын алды елімде.

                Өз кезегі, қалыс қалмай қатардан,

                Үлесімді қосқым келді меніңде.

                Абайдың қара сөзі, өлеңдері оқылуда,

Тілек, өлең жолдар, арнаулар тоқылуда.

Ат салысып, әнші, ақын, бишілерде,

Қалыс қалмай күй жолдауда күйшілерде.

Келді міне Қазығұртқа киелі,

Халқымыз бұл шараға бас иеді.

Қабылдап алып, қуана бізде қолдадық,

Өлең оқып, ары қарай жолдадық.

                                                 Қазығұрт аудандық балалар

кітапханасының кітапханашысы

                           Кадирова Дана