ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ «ТАҢШОЛПАН» БИ ҰЖЫМЫ ГРАН - ПРИ ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ

Жұма, 05 Қараша 2021 00:00 Жарияланды Мәдениет Оқылды 84 рет

1515 f0d1f02f-3fcc-4c13-8b30-c76808bc80bc

"Сәлем саған Түркістан" өнер фестивалі аясында облыстық мәдениет басқармасы мен Қазығұрт ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Конгресс холл көп салалы кешені» концерт залында «Бұраң бел» облыстық би байқауы өтті.
Байқау шымылдығын облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Темірхан Асылхан Темірханұлы, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қалқаманов Сәкен Амангелдіұлы ашып берді.
Байқаудың нәтижесі бойынша гран-при жүлдесін 17 би ұжымының арасында Қазығұрт ауданы “Таңшолпан” би ұжымы иеленді. Ал, 1-орынды Жетісай ауданының “Аяна”, 2-орынды Арыс қаласының “Алтынай”, 3-орынды Қазығұрт ауданының “Балауса” және Кентау қаласының “Рапсодия” би ұжымдары өз ара бөлісті.

Алпамыс Қалботаев