ЕЖЕЛГІ ТЕҢГЕЛЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

Жұма, 12 Қараша 2021 00:00 Жарияланды Мәдениет Оқылды 62 рет

1200px-A hoard of Iron Age coins from Beverly

Қазығұрт аудандық музейінде 15-қараша Қазақстан республикасының ұлттық ­валютасы күніне орай түрлі көрмелер, іс-шаралар ұйымдастырылып отырады және де экспозициялық бұрыш жасалған.
Экспозициялық бұрышта ХІ ғасырлардағы Саманидттер тиындарынан бастап, Әмір Темір мемлекетінің теңгелері, КСРО ақшалары, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы қолданыстағы ақшалары, әр түрлі мемлекеттердің валюталары қойылған.
Әр уақыттарда және дүниенің түрлі бөліктерінде адамдар ақша ретінде әр түрлі ­тауарларды – астық, мал, қымбат тастар және металдарды пайдаланды. Ұзақ уақыттар бойы ақша есебінде алтын және күміс жүрді. Қымбат металдардың физикалық қасиеттері ақша атқаруға тиісті талаптарды толық ақтады. Сондай-ақ, металл ақшалардың маңызды қасиеттерінің бірі – оларды бөлуге болатын еді. Қымбат металдар, көлемі қандай болса да, өзінің пайдалы қасиеттері мен құндылығын жоғалтпайды.
Құнды металдың белгілі бір көлемінің сақталуына мемлекеттік кепілдік ететін алтын және күміс теңгелер пайда болды.
Соңғы ғасырларда алтын және күміс теңгелердің орнына қағаз ақшалар жүре бастады. Қағаз ақшаның құны алтын мен кепілденді және олар алтынға еркін айырбасталды.
Қазақстанның ұлттық валютасы 1993-жылы 15-қарашада пайдалануға енгізілді. Ақша белгілері – теңге мен тиынды Қазақстанның озық суретшілерінің қатысуымен Ұлттық банк әзірледі. Теңге – Қазақстанның алғашқы ақшасы емес. Ежелгі Қазақстан аумағында ақша бұдан көптеген ғасырлар бұрын пайдаланылған. Сырдария, Отырар алқабында түркі билеушілері, ал Жетісуда түргештер VII-VIII ғасырларда өз ақшаларын шығарған. ­Отырар мен Исфиджабта монет сарайлары жұмыс істеген. Оныншы ғасырлардың ортасы мен сегізінші ғасырларда қалалар тез өсіп, тауар өндірісі мен сауда көлемі ұлғая түсті. Ұсақ бөлшек саудада көбіне мыс фельстер қолданылды. Алтын монеталар да айналымға түсті, бірақ, ол саудада дара түрінде ғана емес салмағына қарай пайдаланылды: монетаны қажетіне қарай кесектеп сындыратын болған. Он төртінші ғасырдың соңынан ­бастап, Қазақстанда Әмір Темір монеталары айналымға енді. Бұлардан басқа Қазақстан қалаларында саудада Самарқанд, Бұхара, Ташкент монеталары, негізінен, мыс динарлар пайдаланылды. Қазақстан ақшасының бұрынғы тарихы міне, осындай. Күрделі жиырмасыншы ғасырда Қазақстан біртұтас рубль аймағына кірді. Бұл 1993-жылдың қараша айына дейін жалғасты. Кеңестік рубльдер 1993-жылғы 15-қарашада сағат таңертеңгі 8:00-де теңгемен ­ауыстырыла бастады.
Бұл күн ұлттық валютаның туған күні болып саналады.


Е.ДӘУЛЕТОВ,
музей әдіскері.