ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Жұма, 25 Ақпан 2022 00:00 Жарияланды Мәдениет Оқылды 196 рет

Қазығұрт ауданында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Балдәурен – 2022» балаларға арналған ән байқауы өтті.
Байқауды ұйымдастырудағы мақсат – жас ұрпақты ән өнері арқылы ізгілік пен адамгершілікке тәрбиелеу, өз елінің әнін сүйіп тыңдап, айта білуге баулу, жетекшілер арқылы балалардың әншілік қабілетін дамыту.
Байқаудың арнайы талаптарына сәйкес халық әндері айтылуы тиіс болған. Сондай-ақ, аудандық іріктеу кезеңіне 25 үміткер қатысып, өз аймақтарының намысын қорғады. Олар қазақ халқының отаншылдық жігеріне толы халық музыкасының ешкімге, ештеңеге ұқсамайтын ерекше тартымды әндерін өз нақышында орындады. Байқауға төрелік еткен әділ қазылар Мамаев Сәду, Перизат Ырсалы, Жания Өктемова әділ бағаларын берді.
Сол байқауға Шарбұлақ ауыл округінен «Ақбастау» жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы Тасбалта Шұғыла қатысып, бағын сынады. Шарбұлақ ауылдық мәдениет үйінің директоры Қаратаев Бақыт және әдіскер Шаумаров Сәкен, мектептің музыка пәнінің мұғалімі Сағындықова Нұргүл Шұғыланы байқауға дайындап, жүлделі орын алуына себепкер болды.
Шұғыла байқауда «Отаным – анам», «Бақытты балалық шақ» әндерін орындады.
Бас жүлде атбұлақтық Сәбден Заримаға, І орын қызылдалалық Сұлтан Айтжанға, ІІ орын қазығұрттық Есімхан Жәңгірханға, ІІІ орын шарбұлақтық Тасбалта Шұғылаға және қаржандық Аршабек Іңкәрге бұйырды.
Бұл байқауды ұйымдастырған мәдениет үйінің қызметкерлеріне деген алғысымыз шексіз!

Қалдыгүл ЖҰМАНҚЫЗЫ,
ата-ана.