Қылмыстық процесті оңтайландыру тиімділігі

Дүйсенбі, 19 Маусым 2017 09:09 Жарияланды Қоғам Оқылды 394 рет

Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 31.05.2017 жылғы №55 және Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрінің 29.05.2017 жылғы №365 бірлескен бұйрықтарына сәйкес, барлық қала және аудандарда қылмыстық процесті оңтайландыру (оптимизация) бағытында пилоттық жоба іске асырылуда.


Осы қылмыстық процесті оңтайландыру пилоттық жобасына Қазақстан Республикасының Кылмыстық кодексі баптарының жалпы 102 бабы және Ішкі істер Министрлігінің анықтау, учаскелік полиция, табиғат қорғау, ювенальдық, көші-қон, криминалдық, лицензиялық рұқсат беру және есірткі қылмыстарымен күрес полиция құрылымдары енгізілген.
Бұл жобадағы прокуратураның басты талабы мен мақсаты Ішкі істер органдары ғимараттарындағы бейнебақылау және сол сияқты заманауи құрылғылармен жабдықталған кезекші прокурорлардың кабинеттерінде кезекшілік атқару кезінде Ішкі істер органдары ғимараттарында азаматтарды заңсыз ұстаудың және тағы басқа заң бұзушылықтардың алдын алу.
Сонымен қатар, заманауи құрылғылармен жабдықталған байланыс жүйелерін пайдалану арқылы, толықтылығы қамтамасыз етілмеген қылмыстық істерді қосымша тергеуге жолдауды барынша азайту сияқты тергеу жұмыстарын оңтайландыру болып табылады.
Ал, Ішкі істер органдарының мақсаты қылмыстық істерді тергеу барысында дәлелдерді бекітуді оңтайландыру және қылмыстық істердің неғұрлым тез арада заңды процессуалдық шешімдер қабылдануын қамтамасыз ету. Сондай-ақ, Ішкі істер органдары қызметкерлерімен қылмыстық процеске қатысушы тараптардан жауап алу және тағы басқа тергеу әрекеттерін жүргізу барысында тергеу әрекетінің шынайылығын, заңдылығын қамтамасыз етуде, көп жағдайларда тергеу әрекеттеріне қалыс куәгерлерді қатыстырмай, куәгерлердің қызметін (функциясын) қазіргі заманғы аудио-видео құрылғыларын ауыстыру арқылы оңтайландыру болып табылады.
Мысалы, қазіргі кезде тергеу әрекеттеріне қалыс ретінде қатыстырылған куәгерлер көп жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеруге және сот тергеуіне әртүрлі себептерді айтып келуден бас тарту немесе белгілі бір уақытқа кешігіп келу жайттары орын алып, қылмыстық істердің заңда көзделген мерзімдерде аяқталуына кедергілерін келтіруде.
Осы жоба аясында Ішкі істер органдары ғимараттарында жәбірленушілер, күдіктілер және куәлар және тағы басқа қылмыстық процеске қатысушы тараптардан жауап алу және тағы басқа да тергеу әрекеттерін және ол ақпараттардың сақталуымен қорғалуын қамтамасыз ету үшін бейнекамерамен жабдықталған арнайы тергеу кабинеттерін қолданысқа енгізу және полиция қызметкерлерін видеорегистраторлармен қамтамасыз етілуде.
Жоба аясында атқарылып жатқан жоғарыдағы іс-шаралар алдағы уақытта азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуының алдын алу мен ішкі істер органдарында қылмыстық процесті оңтайландыруына өз септігін тигізетін болады.

Б. ҚОРҒАНБАЕВ,
Қазығұрт ауданының прокуроры,
әділет кеңесшісі.