ТОРҚАЛЫ ТОЙҒА «ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ТАРИХЫ» КІТАБЫН ТАРТУ ЕТТІМ

Сейсенбі, 23 Қазан 2018 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 99 рет

 

     Қазығұрт – киелі жер! Киелілігі сол, бұл өңірден жер бетіндегі бүгінгі барлық адамзаттың арғы тегі тараған. Одан қалды, Қазығұрт – көне жұрттар мекені. Мұнда бір кездері біздің арғы ата-бабаларымыз болып есептелетін Сақтар мен Ғұндардың, Қаңлылар мен Үйсіндердің жұрттары мекендеген. Одан кейін де, сан жұртқа пана, мың елге қасиетті қоныс болған жер.

   Қазығұрт жері көне халықтардың мекені болумен қатар, өз төсінде қаншама тарихи оқиғаларды да өткерген аймақ. Ескі замандарда біздің өлке батыс пен шығысты жалғастырған ұлы Жібек Жолының күре даңғылы болған. Бір уақыттарда Қазығұрт етегін Шыңғыс хан Ақсақ Темірдің әскерлері дүбірге толтырған. Қазақтың алғашқы сайыпқыран хандарының Алаш Ордасының шекарасын кеңейту мақсатындағы ұлы жорықтары да біздің өлкеден өткен.

   Айта берсек, Қазығұрт аймағының тарихы мол. Осы киелі мекеннің әлімсақтан күні бүгінге дейінгі тарихын жазып шығуды көптен бері ойластырып жүрген болатынбыз. Соның реті ауданымыздың 90 жылдық торқалы тойының алдында келіп, жуырда ғана «Қазығұрт ауданының тарихы» атты кітапты жазып шықтық. Сөйтіп, сол еңбекте аудан тарихының екі мың жылдық хронологиясын жасап шыққандай болдық.

   Бүгін тойланып отырған ауданымыздың 90 жылдық мерейтойы күні ертең тарихқа айналары кәдік. Ендеше, біз кешегі тарих пен ертеңгі тарихты ұштастырып отырған бақытты ұрпақпыз. Осыған орай болашақ күндері аудан халқы да бақытты өмірден қол үзбесін!  

                                                     Момбек ӘБДӘКІМҰЛЫ,

                                                      жазушы, шежіреші, профессор.