Білім сапасын арттырудың тиімді жолдары

Жұма, 02 Қараша 2018 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 108 рет

Семинар

441144

          

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Өнер Жамалов атындағы жалпы орта мектебінде «Білім сапасын арттырудың тиімді жолдары» атты аудан мектептерінің оқу ісі меңгерушілеріне арналған аудандық семинар өтті. Аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Шерова мұғалімдерге жаңартылған білім мазмұны аясында жаңалықтарымен бөлісті. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Қосанбаева мектептің тыныс-тіршілігімен таныстырып, «Білім сапасын арттырудың тиімді жолдары» атты баяндама жасады.  

          Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі К.Есілбаева 11-сынып оқушыларымен «Виды простых предложений. Флора и фауна Казахстана» деген тақырыпта ашық сабақ өткізді. Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқушылардың өзін-өзі, бірін-бірі бағалауы және мұғалімнің бағалауы өте тиімді болды. Бұл әдіс «Эйлер шеңбері» деп аталады.

Ағылшын тілі пәнінің жоғары санатты мұғалімі Н.Бейсебай ұстаздармен «Lesson study – тиімді педагогикалық тәсіл» тақырыбында тренинг сабақ өтті. Тренингте ұстаздар топқа бөлініп жұмыс жасады, олардың жұмысын сарапшы топ бақылап отырды. Топ қатысушылары берілген тапсырмаларды құлшыныспен орындап, «Lesson study» тәсілінің тиімді тұстарын, ойларын постер арқылы қорғады.

Мектебіміздің психолог маманы А.Нұрымбетова психологиялық тренинг жасап, мұғалімдер арасында сергіту сәтін ұйымдастыра білді.

     Математика пәнінің мұғалімі Қ.Сағымбекова «Мұғалімдер үшін кері байланыс пен рефлекцияның маңызы» атты коучинг өтті. Сабақ барысында Асхат Әлімовтың «Таста да, таңда», «Жарық жұлдыз» әдіс-тәсілдерін қолдануы тиімді болды. Семинар соңында А.Шерова қорытынды жасап, мұғалімдерді алғыс хатпен марапаттады.

Динара ӨТЕМБАЕВА,

                 Өнер Жамалов атындағы жалпы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.