Жолдау – өркендеу мен әрі дамудың кепілі

Жұма, 02 Қараша 2018 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 72 рет

                         Жолдауға қолдау

 

         Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауында қамтылған әр мәселе қоғам үшін зор маңызға ие. Осы стратегиялық құжатта негізінен қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып, тұрмысын жақсарту жайлы кеңінен айтылды. Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және бөлімге ведомстволық бағынысты мекемелердегі мәдениет саласының қызметкерлерімен кеңейтілген жиыны өтіп, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауы жайлы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары Р.Айтубай кең көлемде баяндама жасады. Онда елдің экономикалық дамуына және Қазақстан халқының тұрмысы мен әл-ауқатының артуына байланысты келелі мәселелерді қамтып отырғаны, Жолдау жарқын болашағымыздың бағдары екені туралы айтып, онда көрсетілген міндеттер мен мақсаттарды, Елбасы тапсырмасын іс жүзіне асыруға жұмыла жұмыс жасауға шақырды.

           Осыған байланысты пікірлерін білдірген Н.Тәңірбергенов, Г.Дәулетбаева, А.Байжұманов, Қ.Турабеков, Е.Достаев, А.Сазанов Елбасы Жолдауының өміршеңдігін, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына енуге бағытталған, қазіргі таңда іске асырылып жатқан бағдарламалардың өз жалғасын табатынын, соның ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болып, алдағы уақытта мәдениет саласында көптеген игі істерді жүзеге асыруда еңбек етуге шақырып, Жолдау – халық игілігіне қызмет ететін бағалы құжат екендігіне тоқталды.

     Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Жаншуақов Жолдау жүктеген міндеттерді кеңінен түсіндіріп, «Біздің мақсатымыз ең бірінші Жолдауды халыққа кеңінен насихаттау, әрбір басымдықты халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет», – деп жиналысты қорытындылады.

    Барлық мәдениет қызметкерлері Жолдауды қолдап, қуаттап еліміздің әлеуетін арттыру жолында аянбай еңбектеніп, еліміздің мәдениеті мен өнерінің әлемдегі дамыған елдер қатарынан ерекше орын алуына үлес қосатын болады.

С.ЕРІМБЕТОВ,

аудандық мәдениет және тілдерді

дамыту бөлімінің бас маманы.