Өз ісімізге жауапкершілікпен қарау керек

Жұма, 02 Қараша 2018 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 77 рет

Мемлекеттік қызмет органдарына – 20 жыл!

 

Мемлекеттік қызмет саласы – мемлекеттің сол саладағы саясатын жүргізетін орган болып табылатындықтан, сол саланың кәсіби білікті кадрлары саланың заман талабына сай тез дамуын, уақытпен бірге жүріп отыруын қамтамасыз етеді, саланың даму деңгейінің көрсеткішін жасайды. Мемлекеттік қызмет саласы – халыққа қызмет көрсетуші, халықпен тікелей байланыстағы қызмет болғандықтан, тек кәсіби маман болып қана қоюдың жеткіліксіздігі, оған қосымша халықпен араласу, қатынас жасай білу мәдениетінің қалыптасуының маңыздылығын арттырады.

Білімділік, біліктілік, жоғары моральдық-этикалық бейне, адамгершілік – әрбір мемлекеттік қызметшінің бойында үйлескен жағдайда мемлекеттік қызметшінің «жоғары имиджі» жасалады, осындай имидж мемлекеттік қызметтің беделін көтеруге тікелей жол болып табылады.

Әрбір мемлекеттік қызметші өзінің орындаған жұмысымен, жеке басының жауапкершілігімен, тәртібімен, қызметімен, әрбір қоғам мүшесінің мемлекетке деген көзқарасы, сенімі қалыптасатынын жақсы түсінуі тиіс.

«Қазығұрт ауылы округі әкімі аппараты».