Өрттің алдын алу маңызды

Жұма, 02 Қараша 2018 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 76 рет

Маман ескертеді

20171005095509616 big

Өрт – адамзат баласына, табиғатқа үлкен шығын келтіріп қана қоймайды, адам өмiрiне де қауiпті.

Өрттiң жиi болатын себептері: адамның алаңғасарлығы, электр қондырғыларының, қыздыру аспаптарының, ақаулығы  немесе өздiгiнен жануы, найзағай, бiр розеткадан көп электро жабдықтардың жұмыс iстеуі, және тағы басқалар. Бұл жағдайда алаңғасарлық тұспалданады: төсекте және тыйым салынған орындарда шылым тарту; пештi жағу үшiн жанармайдың пайдаланылуы; нашар желдетiлетiн немесе от бар жайларда жылдам буға айналатын заттармен киiм тазалау; қараусыз кернеу қалдырылған құралдар; тым ыстық шыраққа жақын шамның қалпағы немесе қағаз; өрт қауiптi орындарда кез-келген оттың пайдалануы (шам, алау, бензин шамы), жылыту көздерінің жанында тез тұтанатын сұйықтықтарды құю, өздiгiнен жанатын әр түрлi материалдарды жинау.

Жақсы жанатын жиhаз, перде, кiлемшелер мен киiм сияқты заттардан басқа өрт үйдiң iшiнде есiк, терезе, шатыр,  баспалдақ, газ және электр өткiзгiштер арқылы тарайды. Сондықтан да өрт кезіндегі тәртіп ережелерін білуіміз қажет.

Егер, өрт көп қабатты ғимаратты қамтыған болса, бірақ,  сiздiң пәтерiңiзді тiкелей қозғамаса баспалдақ бойынша жүгiрудің қажеттілігі жоқ,  лифтті тiптi пайдаланбаңыз. Терезенi жабу керек, бiрақ, терезе пердесін төмендетпеңіз, сулы шүберектермен  есiктердiң астын тығындаңыз, электр қуатын өшiріңіз және газды жабыңыз. Шомылатын және басқа да үлкен ыдыстарды сумен толтырыңыз, еден және есiктерге су құйыңыз, осылай олардың қызуы төмендейді.

Егер, сiз жоғарғы қабаттарда тұрсаңыз, өміріңіздің жалғыз құтқару жолы терезе болып шығуы мүмкiн, секiрудiң биiктiгiн әлде қайда азайтқаныңыз жөн немесе маталарды бір-біріне түйіп немесе машинаның төбесіне, гүлбақшаға, қалқаға секiру қажет.

Секiруден бұрын, құлауды жұмсарту үшiн төменге жастық, кiлем, матрас секілді заттарды тастау қажет.

Өртпен күресте бiрiншi минуттарда оған жылдам реакция жасау маңызды. 

Е.ЖАҚСЫБАЕВ,

Қазығұрт ауданындағы №13 ӨСБ

қарауыл бастығы, азаматтық қорғау аға лейтенанты.