Жемқорлыққа жол бермейік!

Жұма, 02 Қараша 2018 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 75 рет

 

Сыбайлас жемқорлық қоғамда бәсекелестік пайда болған жерде өркендейтіні белгілі. Осы себепті бүгінгі таңға дейін «жемқорлық» – деген кеселдің тамырына балта шабылмай келеді. Осы «кесел» дамушы елдердің барлығын дерлік жаулап алғандай, біздің елімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Осынау қоғамның дамуындағы кері көріністі жою мақсатында елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданды. Осы заңның принцптерінің талабына сай жемқорлыққа қарсы іс – әрекеттер мемлекеттік мекемелердің әр саласында жүзеге асырылуда. Кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде бірлесе белсенділік танытуымыз қажет.             Елбасымыздың биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындасыбайлас жемқорлықпен белсенді күресті әрмен қарай жалғасатыны, ол үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайтуға қол жеткізу жөн болатыны. Жер қатынастары мен құрылыс саласындағы бюрократиялық рәсімдер жұртшылықты мазалайтын мәселенің бірі болып тұр. Елбасы аталған салада ашықтық пен бизнес ақпаратқа толық қол жеткізу үшін жер қоры мен жылжымайтын мүлік нысандары туралы мәліметтердің бірыңғай ақпараттық базасын жасауды тапсырды. Және мемлекеттік қызметкерлер – сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасаған жағдайда бірінші басшылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін күшейту мәселесін пысықтау керектігін, сондай-ақ, адал жұмыс істейтін қызметкер тексерушілерден қорықпай «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалары аясында елорданың жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибиесін тарату керек екенін айтып өтті.  

Қарабау ауыл округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы және оның алдын алу бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Біздің мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағадарламасын іске асыру бағытында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы», Қазақстан Республикасының Президентінің 2015-жылғы 29-желтоқсандағы №153 жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің қағидаларының мемлекеттік қызмет және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарын басшылыққа алып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

            Сондай-ақ, ауыл округі әкімдігі қызметкерлері тарапынан сыбайластық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнамалары және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарының сақталуы тұрақты түрде бақыланады.

М.САРЫПБЕКОВ,

Қарабау ауылы округі әкімі аппаратының

бас маман заңгері.