Жастар тәрбиесіне арналды

Жұма, 02 Қараша 2018 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 69 рет

Аудан әкімдігінде

 

Жуырда аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Мәжілістің күн тәртібінде «Қазығұрт ауданының 2018-жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2016-2020 жылдарға арналған «Даму» бағдарламасы индикаторларының орындалу барысы және 2018-жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша аудан бюджетінің атқарылуы туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Сәпиев, «Ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысы және кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мәселелері туралы» аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры П.Ырсалы баяндама жасады.

Баяндамаларды талқылауға аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы А.Көшкінбай, аудандық жергілікті полиция бөлімінің басшысы Е.Есімханұлы қатысып, ойларымен бөлісті.

Әкімдік жиналысын аудан әкімі Т.Телғараев қорытты.

Әкімдік мәжілісіне бөлім басшылары, ауыл әкімдері, мекеме, ұйым жетекшілері қатысты.

Әкімдік күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылдады.

«Қазығұрт-ақпарат».