Жаңа құрам сайланды

Жұма, 02 Қараша 2018 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 66 рет

Конференция

 

Жуырда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХХХVІІ конференциясы өтті.

Конференцияға бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 200-ге тарта делегат пен БАҚ өкілдері қатысты.

Конференцияны аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы Т.Телғараев жүргізіп отырды.

Күн тәртібіне мына төмендегі мәселелер ұсынылды: Мандат комиссиясының есебі, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау, аумақтық партия филиалы Саяси кеңесінің 2017-2018 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі, аумақтық партия филиалының жаңа Саяси кеңесін сайлау, «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХV конференциясына делегаттар сайлау.

Мандат комиссиясының есебі бойынша осы комиссия төрағасы Қайрат Садықов есеп берді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы жөнінде Жамбыл атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Нұрзия Майлыбаева баяндама жасады.

Мұнан кейін аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің 2017-2018 жылдары атқарған жұмысы жөнінде аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Қожахан баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша жарыссөзге аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы А.Омаров, аудандық мәслихат депутаты фракция жетекшісі А.Тасай шығып, көкейде жүрген ой-пікірлерімен бөлісті.

Конференцияның күн тәртібіне сәйкес 7 адамнан Саяси кеңес бюро мүшесі, 17 адамнан саяси кеңес мүшесі, 22 адамнан «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХХV конференциясына делегат сайланды.

Конференция жұмысын қорытқан Т.Телғараев жаңа құрамда сайланған Саяси кеңес мүшелерінің жұмысына сәттіліктер тіледі.

Конференция күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылдады.

(Өз тілшімізден)