Мемлекеттік қызметті атқару үлкен жауапкершілікті жүктейді

Жұма, 02 Қараша 2018 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 67 рет

Мемлекеттік қызмет органдарына – 20 жыл!

 

Жас мемлекеттік қызметкер ретінде мемлекеттік қызметті атқару үлкен жауапкершілікті жүктейді. Бұл орайда өз ісінің білікті маманы, адамгершілік пен қарапайымдылық қасиеттерге ие болу керек. Осыдан мемлекеттік қызметкерлердің мойнына жүктелген үлкен жауапкершілікті абыроймен атқару мемлекет және халық алдындағы парыз деп білемін. Мен осы салада 5 жылдан аса уақыт қызмет етіп келемін, бүгінге дейін жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік салада айтарлықтай өзгерістер болды. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы қабылданып, бағдарлама аясында аудан халқының тұрмыс жағдайын көтеру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда.

«Болашақ жастардың қолында» деген ұранды жиі айтып, осы салада жоғары нәтижелерге қол жеткізген аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Өсербаев Аймен Жиенбайұлы мен бөлім басшысының орынбасары Пернеқұлов Ғазиз Егембердіұлы жастарға үлгі десем артық айтқандық емес. Олар – үнемі тәжірибелерімен бөлісіп, дұрыс тәрбие беріп келе жатқан білікті мамандар. Жастар бар күш-жігерлерін өз елінің дамуына жұмсаса, білімі мен еңбекқорлығының арқасында еліміздің келешегі кемел боларына сенімім мол.

Х.ШАРИПОВА,

Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің бас маманы.