Қазақстан – зайырлы құндылықтарға негізделген мемлекет

Жұма, 23 Қараша 2018 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 47 рет

 

Бүгінгі егемен еліміз Қазақстан да өз тәуелсіздігін жариялай сала, кешегі Алаш мемлекеті заңнамасы қолданысындағы «зайырлылық» терминін алып, демократиялық, құқықтық, зайырлы ел сипаты ретінде халқына Ата Заңмен бекітіп берді. Яғни, зайырлылық ұғымы «ар-ождан бостандығы» және «төзімділік», «толеранттылық» сынды ұғымдармен және түсініктермен тығыз байланысты. Зайырлылық ұғымы мемлекеттің дінге деген қатынасының демократиялық сипатта екендігін танытады.

Енді, зайырлылықтың қандай ұстаным екендігіне тоқталайық. «Зайырлылық» ұстанымы – қоғамның кез-келген мүшесіне, оның діні, тегі, нәсіліне қарамастан, әр адамның қандай да бір дінге сену, сенбеу мәселесіне араласпайтын ұстаным. Яғни, бұл ұстаным – адамның ар-ожданының моральдық болмысының еркіндігіне мүмкіндік беретін, мемлекет азаматтарының арасындағы қарым-қатынасты тек құқықтық негізде шешуді қамтамасыз ететін республикалық басқару жүйесінің ең басты тетігі. Жалпы, зайырлылық туралы анықтамалар көп. Солардың ішінде түсінуге жеңіл кейбір сөздіктердегі «зайырлылық» ұстанымына назар аударайық: бұған «барлық діндерге бейтарап қарайтын, діни басшылықтан тәуелсіз және кез-келген теологиялық қағидалар мен нормалардан азат болып табылатын мемлекеттің белгісі» ретінде анықтама берілген. Осы анықтама зайырлы мемлекетті нақтылай түседі. Неге барлық діндерге бейтарап қарайды? Себебі, діндер көп, ал Құдай түсінігі бір. Адамдардың Құдай түсінігі ортақ болғанмен олардың Құдай туралы танымы, сенімі, сезімі, құлшылығы, оның мына әлеммен қатынасы, яғни дүниетанымы, ақырет туралы сенімдері де әртүрлі. Сондықтан, мемлекет өзінің азаматтарының діни сенімдеріне араласпайды, құрметтейді, бейтарап ұстанымда болады.

 Екіншіден — мемлекет діни басшылықтан, яғни, діни биліктен тәуелсіз. Оның себебі, саясатта діни басшылыққа тәуелді болу мемлекеттегі тұрақтылық пен тыныштықты баянды етудің кепілі бола алмайды. Дін көп, діни басшылар да көбейеді, сондай-ақ, бір діннің ішінде де көптеген ағымдар мен топтар бар. Олардың әрқайсысының басшылық туралы діни тұжырымдары бар. Ал, саясатта басшылық, оған бағынатын халық және осы қатынасты реттейтін құқық бар. Егер, мемлекет діни басшылықты қабылдаса, онда халықты біртұтастандыру, бір құқықты ортақ тұғыр қылу, басқаруды да бірізділікке түсіру қиынға соғар еді.

Жалпы, халықаралық шарттардың мәтінінде терроризмнің мына элементтері келтіріледі: жекелеген тұлғаларды немесе ұйымдарды, мемлекетті немесе мемлекеттерді, өкіметті немесе халықаралық ұйымдарды қандай бір іс-әрекетті жасауға немесе одан бас тартуға мәжбүрлеу; ірі экономикалық зиян келтіру, ірі жоюларды жүргізу, кепілдікке алу, әуе және теңіз кемелерін, станционарлық платформаларды басып алу, қоғамдық және мемлекеттік түрлі объектілерге елеулі зардап келтіру, халықаралық персоналдарға (жеке лауазымды тұлғаларға) қарсы бағытталған қылмыстар, халықаралық ынтымақтастыққа кедергі келтіру, мемлекеттердің дипломатиялық қатынастарына қауіп төндіру, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке және мемлекеттердің аумақтық мызғымастығы мен қауіпсіздігіне қауіп тудыру және тағы да басқа жағдайлар.

Жандарбек ЕСЕНБЕКОВ,

Жаңабазар ауылы округі әкімі

аппаратының әскери есеп столының маманы.