Қашықтықтан оқыту – білім берудегі жаңа технологиялардың бірі

Жұма, 23 Қараша 2018 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 50 рет

 

      Бүгінде жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен интернет арқылы қашықтықтан өздігінен білім алуға үйрету қоғамда үлкен мәнге ие.

       Адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру, жеке тұлға мен қоғамның қажеттіктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының 2020-жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негізінде көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту мақсатында білім бағдарламасы бекітілді.

     Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жалпы білім беретін мектептерді 100 пайызға компьютерлендіру аяқталады. Орталық коммуникациялық торап құрылып, оған Білім және ғылым министрлігінің орталық ақпаратының торабы және облыстық білім басқармасының телекоммуникациялық тораптары қосылған.

     Сонымен қатар, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту және оларды білім беру саласында қолдану қажеттіктен әлдеқайда артта қалуда.

     Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту және оларды білім беру саласында қолдану қажеттілігіне байланысты электрондық оқулық басылымдарын, қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасын пәндерді оқытуда пайдалану – заман талабы.

     Ғалымдардың айтуы бойынша адам ақпараттың 90 пайызын көзімен, 9 пайызын құлағымен, ал қалған 1 пайызын басқа мүшелерімен қабылдайды екен. Осыған сай электрондық оқулықтарда материалдарды көрнекі түрде жеткізу мәселесіне өте көп көңіл бөлінуі керек.

     Керекті білімді қазіргі кезеңде СD және DVD – дискілер деп аталатын өте кең көлемді ақпарат сақтайтын құрылғылар жәрдемінде тарату мүмкіншіліктері бар. Түрлі салаларға тиісті білімдер бұл құрылғыларға жазылып, «Электронды оқулықтар» деген атаумен кеңінен қолданылып жатыр. Электрондық оқулықтарды атақты ғалымдар, педагогтар, шебер программисттер қосылып, бір авторлық ұжыммен, кейбір қызығушылар да өздерінің бағдарламаларын жасап, таратуда. Электронды оқулықтар – компьютер мүмкіншіліктерін толығымен пайдаланып, білім материалдарын оқушыға түсінікті жеткізуге әрекет етеді. Онда материал гиперсілтемелерге ие тексттер, түрлі түсті суреттер, анимациялар жәрдемінде оқушының ой-пікірін өзіне тартып түрлі процестерді дұрыс түсінуін жеңілдетеді.

     Электрондық оқулықтарды қолдану оқушыларды компьютермен диалогты режимде жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, керекті тақырыптарды таңдап, өз білімін компьютер жәрдемінде талдап, тексеріп, келесі тақырыпқа тез өтуіне көмек береді. Ұмытылған ұғымдар мен тақырыптар бойынша гиперсілтемелерді пайдаланып, тез арада оларды қайта еске түсіруге зор мүмкіндік. Осы арқылы таңдаған тақырыпты немесе мәселені тез және өнімді игеріп алуына жол ашылады. Компьютерде ақпаратты сақтап, түрлендіріп, талапқа байланысты керегін экранға текст, сурет, әрекет етіп орналастырып, дыбыс қосып шығаруға болады. Өте жылдам өтетін процестерді баяулатып, ал өте баяу жылдамдыққа ие процестерді жеделдетіп, адам санасына енетін етіп қалыптастыруға болады. Бұл жерде оқушы мен мұғалім компьютермен тікелей байланыста болуы керек. Олар арасындағы байланыс өте тез мезетте қайталануы да мүмкін. Қабылданған білім сапасын компьютер өзі арнайы бағдарламалар жәрдемінде тексеріп, оқушыға керекті тапсырмалар, жолдамалар беріп тұра алады.

       Сонымен оқытушы мен оқушы арасында білім жеткізуші қызметін компьютер атқара алады. Мұнда бұрынғы кітаптан оқып, білім алу орнын компьютер өз міндетіне алып отыр. Сол себептен оқыту жүйесінде қашықтан оқыту әдісі, яғни, компьютер жәрдемімен оқыту енгізіліп жатыр. Бұл әдісте оқуға керек болған мағлұматтарды интернетке қосылған жер бетіндегі түрлі білім көздерінен тікелей оқытушыға байланбай алып, қолдануға болады. Компьютерлерді бір-біріне қосып пайдаланушылар бүкіл әлемді қаптаған компьютерлер арнасын – интернетті жасады. Бұл арна да бірінші болып ақпаратты, сонымен бірге, ақпараттың бөлігі болған білімді де талапкерлерге тарата бастады. Бүгінгі күнде осы жаңа әдісті білім беру мекемелерінде пәндерді оқытуда қолданылуы үшін.

  1. Бір – бірімен тығыз байланыста бола отырып, мемлекеттік (республикалық) деңгейдегі ақпаратталған оқытудың құрамына енуі;
  2. Электрондық оқулықтарды жасау кезінде мұғалімдердің талап – тілектерін толықтай қанағаттандыруды;
  3. Электрондық оқулық көмегімен ғылым негіздерін оқыту аясын барынша кеңейту;
  4. Мемлекеттік талаптарын сақтау қажет. Электрондық оқулық көмегімен ғылым негіздерін оқыту жүйесі құрылуда.

     Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер жергілікті және аймақтық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.

       Оқытудың ауқымы және жергілікті жүйлерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент-сервер, мультимедия, компьютерді оқып – үйренуші жүйелерге, электрондық оқулықтарға, оқу – әдістемелік материалдарға, қашықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай электронды оқулықтарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.

         Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда. Оқытушының атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жуктеледі: ол курстың бағдарламасының құрамын дайындап, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау – пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді.

     Электрондық оқулықпен оқытатын мұғалімдерге, басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады.

  • Мұғалім компьютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет;
  • Мақсаттармен міндеттерді алдағы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі қажет;
  • Электрондық оқулықпен оқыту технологиясын жетік білуі, оқушыларды таныстыра білуі қажет;
  • Мұғалімнің ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.
  • Оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қабылдану ісіне дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыру қажет;
  • Жинақталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тәртіптегі әдістемелерін баяндау және өткізуді ұйымдастыра білуі қажет.

       Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген әлеуметтік – экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес.

       Оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру, танымдық белсенділіктерін қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын ояту қашықтықтан оқыту және электрондық оқулықтарының көмегімен іске асады.

               Колледждің 60 жылдық мерей тойына орай, материалдық-техникалық базаны жақсарту мақсатында, барлық кабинеттер ақпараттық технологиямен және коммуникация құралдарымен жабдықталды. Мұғалімдер ақпараттық құралдармен жұмыс істей отырып, өздерінің шығармашылық жұмыстарын дамытуға және қашықтықтан оқытуды спутниктік арна арқылы жүргізуге мүмкіндік алып отыр. Қазіргі уақытта бірнеше пәндер бойынша электрондық оқулықтардың жобасы жасалды.

               Оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданудың болашағы зор.

             Талғат   МАҚСҰТОВ,

№11 колледж директорының

                                                   тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.