Ұлы Дала тарихы – Ұлт мақтанышы

Дүйсенбі, 26 Қараша 2018 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 45 рет

Пікір

888888888

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өткен жылы жарыққа шыққан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы уақытысында жарияланып, көптеген құнды игі істер қолға алынған болатын. Осы мақаланың аясын кеңейтіп, тағы да тереңдей санамызға жеткізіп, ойымызды жаңғыртып ұлттық тарихымызды, шығу тегімізді, мәдениетіміз бен өнерімізді, салт-дәстүрлерімізді бір сөзбен айтқанда, өткен шағымызды терең қозғап, болашақтың жарқын бейнесін көрсетіп отырған, яғни, тарихи санамызды жаңғырту арқылы Мәңгілік Елдің мәдениетін қалыптастыратын «Ұлы Даланың жеті қыры» атты жарияланған мақаласында айқын көрініп тұр. Бұл мақалада кең байтақ, ұлаң ғайыр, ұшаң теңіз жеріміз бен байлығымызды сырт жаулардан ата-бабалырымыз ат үстінде найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, жер асты-үсті байлығымызды бүгінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған.

Сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, қасіретті сәттер мен тарихи оқиғаларды, саяси қуғын-сүргінді бастан өткерген қазақ елінің осынау түп-тамырында жатқан тарихымызды жете түсінуді, шаруашылығымызды, мәдениетімізді, қол өнерімізді, әдебиетімізді, әдет-ғұрпымызды, қазақ елінің басқа ұлт өкілдерін бауырына басып, бір шаңырақтың астында ынтымақпен, бірлікпен тату-тәтті өмір сүріп жатқаны, Қазақстанның мақтан ететін сан қырлы тарихы мен Ұлы жетістіктерге мол екені жан-жақты көрсетілген. Себебі, мақалада Қазақ елінің өз заманына қарай жаһандық тарихтағы орнына жаңа көзқарастарымызбен қарауға мүмкіндік беріп тұр.

Елбасы Н.Назарбаев еліміздің, халқымыздың өткені мен бүгінін және болашағын терең зерделеп, бірнеше маңызды ұсынған жобаларын біздер қолдап қуаттаймыз. Ұсынған жобалардың бірі – «Ұлы даланың ұлы есімдері» және «Ұлы даланың көне сарындары» атты жобаларын іске асыра отырып еліміздің атақты тұлғаларын, олардың жетістіктері мен еңбектерін дәріптейтін ескерткіштер, мүсіндер орнатып, қазақтың қобыз, домбыра, сазсырнай, сыбызғы музыкалық аспаптармен орындалатын туындыларын, жинағын басып шығару, яғни, бұл болашақ ұрпаққа мақтан ететін, мирас етіп қалатын игі істердің бірі болары хақ.

С.ЕРІМБЕТОВ,

Қазығұрт аудандық мәдениет және

тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.