Құқық бұзушылықтың алдын алуға шақырамыз!

Дүйсенбі, 24 Желтоқсан 2018 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 109 рет

 

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясын Жолдауында мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануға тиіс деген – «Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек. Өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады. Өмірдің сапасына селкеу түсіреді. Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады. Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбек ахуалы – қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам», – деп көрсеткен.

Сонымен бірге, Қазақстанның Парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қоғамда құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзбеушілікті» қалыптастыру мәселесін қойды. «Үкіметке заңды түрде қылмыстық құқық ізгілендіру және қоғамда кез келген құқық бұзушылыққа «нөлдік төзбеушілік» қалыптастыру арасында жалпы вектор салу керек. Кез келген қылмыс және мемлекеттің заңдарын бұзу үшін жазаның қолданылмай қалатындығы мен әділдігі жөнінде ешкім күмәнданбауы керек», – деді. «Нөлдік төзбеушіліктің» негізгі рөлі – қоғамның белсенділенуі. Яғни, елдің әр азаматы кез келген құқық бұзушылықты көріп, селқос болып қалмай, арнайы органдарға хабарлау керек. Қоғамдық қауіпсіздік тақырыбы барлық қоғамды тыю керек, құқық қорғаушы орган барлық елде тек өз құпиясы мен құқық тәртібін сақтайды деп сенуге болмайды. Әр азамат мемлекеттегі тәртіпке және қауіпсіздікке жауапты болуға міндетті. Басқа біреу істейді деп тоспау керек. Арнайы органдардан көмек күтудің қажеті жоқ. Қоғамдық қауіпсіздіктің алдын алу және құқық тәртібі, құқық мәдениетінің ісі кез келген азаматтан шығу керек деп көрсеткен.

«Дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауданда, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады. Біз құқықтық нигилизмді жеңіп, қоғамды қоғамдық тәртіпті қорғау ісіне тартуымыз керек», – деді. Тәртіпсіздікке және құқық бұзушылыққа «нөлдік төзбеушілікті» қалыптастыруы ҚР ІІМ жүйесінің қызметкерлері жұмысымен тікелей байланысты. Кез келген заң бұзушылыққа, тіпті, ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы, қоғамдық тәртіпті нығайтуға баратын маңызды қадам болып келеді.

2018-жылы 11-ай көлемінде Қазығұрт АІІБ ЖПҚ-нің қызметкерлерімен қылмысқа қарсы күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау мен нығайтуға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүргізілді. Жоғарыда көрсетілген Жолдаудағы міндеттерді орындау мақсатында Қазығұрт АІІБ ЖПҚ-нің қызметкерлерімен атқарылған жұмыстарына тоқтар болсам, аудан көлемінде әкімшілік құқық бұзушылық жасаған үшін 1798 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, ал, алдыңғы жылдың осы мерзімінде 1158 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, яғни, 35,6 пайызға өскен.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің баптарына тоқталар болсам, ҚРӘҚтК-нің 204-бабы, «Белгіленбеген орында сауда саттық жасау» бойынша 202 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған, өткен жылдың осы мерзімінде бұл көрсеткіш 178-ді құраған. ҚРӘҚтК-нің 434-бабы, «Ұсақ бұзақылық» бойынша 83 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған, ал, 2017-жылдың осы мерзімінде 42 болған. ҚРӘҚтК-нің 440-бабы, «Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орынға мас күйде келу», 149 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылса, ал, 2017-жылы 144 болған. ҚРӘҚтК-нің 441-бабы, «Жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тиым салу» бойынша 150 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылса, алдыңғы жылдың осы мерзімінде бұл көрсеткіш 168 еді. ҚРӘҚтК-нің 442-бабы, «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз жүруі» бойынша 180 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған, ал, 2017-жылы 157 болған. ҚРӘҚтК-нің 505-бабы «Қалалар мен елдімекендердің аумақтарын көріктендіру ережелерін бұзу, сондай-ақ, қалалар мен елдімекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» бойынша 310 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал, 2017-жылы 63 болған. Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық заңына сай, 2018-жылы 208 әйелдер қорғауға алынып, қадағалау жұмыстары жүргізілген, ал, 2017-жылы бұл көрсеткіш 179 болған.

Е.ЕСІМХАНҰЛЫ,

Қазығұрт АІІБ ЖПҚ-нің бастығы,

полиция подполковнигі.